«ECO-ALEM» ҮСТЕЛ ОЙЫНЫ
Қымбатты достар!
Қазіргі таңда экология мәселелері, қоршаған ортаны қорғау әлемдік қоғамдастықта да, сондай-ақ Қазақстанда да жаһандық басымдылықтар ішінде алдыңғы орынға шығып отыр. Біз күн сайын естіп жүрген экологияжағдайының нашарлауы туралы жаңалықтар мен фактілер бізді ойлануға және төтенше шаралар пайдалануға мәжбүретеді. Ортақ үйімізді сақтап қалу үшін мемлекет тарапынан ғана күш салу жеткіліксіз. Бұл жерде ғаламшардағы әрбіртұрғын белсенді ат салысуы керек. Біздің күнделікті өмір салтымыз тікелей қоршаған орта жағдайына әсер етеді. Біздүкендерден шетелдік тауарлар сатып алғанда, жанармай қозғалтқыштарын пайдаланған кезде, суды немесе жарықтыөшіруді ұмытып кеткенде, полиэтилен қапшықтарды пайдаланған кезде және қоқысты сұрыптамаған кезде-осы жәнебасқа да көптеген әрекеттер нәтижесінде күн сайын атмосфераға көп мөлшердегі көмірқышқыл газы мен метан бөлінеді,бұл елеулі климаттық өзгерістерге әкеледі. Біздің әрқайсымыз өз ізімізді қалдырамыз-жаһандық экологиялық іздің бөлігіболып табылатын көміртек ізі.Көміртек ізі-тікелей және жанама түрде адамдармен, ұйыммен, қаламен, мемлекетпен шығарылатын барлықпарниктік газдардың жиынтығы. Ол көмірқышқыл газының (СО2) метрикалық тоннасымен өлшенеді және ұйым жәнекәсіпорын үшін, сондай-ақ әр адам үшін жеке есептеледі. Өзіңнің көміртек ізіңді есептеу үшін "СО2- Көміртек ізінесептеу" қосымшасын жүктей отырып, арнайы калькуляторды пайдалануға болады.Тоқтап, ойланатын уақыт келді-болашақ ұрпаққа осындай із қалдырғымыз келеді ме?
Берілген "ECO-ALEM" үстел ойыны балалар мен жастар үшін құрастырылған, сондай-ақ басқа да қызығушылық танытатын адамдар үшін. Ойынэкологиялық білім мен дағдыларды, патриоттық сезімін, өз жеріне, өз ауылына, қаласына, аймағына деген махаббаттықалыптастыруға, сондай-ақ экологиялық мәдениет деңгейін арттыруға бағытталған.Ойынның тиімділігі тұлғаның дамыған экологиялық ойлауын да және кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі жүзегеасыруында табиғатты сақтап қалуда белсенді азаматтық ұстанымында, жоғары экологиялық сауаттылық пен мәдениетте.Жыл сайын берілген ойын бойынша чемпионаттар өткізілетін болады, сондықтан Сіздің өзіңізді бүкіл елге танытуғамүмкіндігіңіз бар! Ойын сізге экология мәселеріне саналы түрде қарауға көмектеседі деп үміттенеміз. Әрине, өзіміздіңқоршаған ортаға әсерімізді толықтай тоқтату мүмкін емес. Аздан бастаңыз, көп рет қолданатын заттарды көбірекпайдаланыңыз, отандық өнімдерді сатып алыңыз және қажет емес заттарды басқалармен бөлісіңіз. Есте сақтаңыз, тіпті еңқарапайым әрекеттердің өзі жаһандық өзгерістерге әкелуі мүмкін. Біргк біз өзіміздің ортай үйімізді таза және жайлы етеаламыз!
Төменде көрсетлген сілтемелер бойынша кіріп, үстел ойынын жүктеп алуға болады!
1. Eco Alem.
2. Eco Alem.
3. Eco Alem.
4. Eco Alem.
5. Eco Alem.
Пікірлер