Құжаттар

«Жас Ұлан» кубогі үшін өтетін І-ші Республикалық мектеп оқушылары арасындағы футбол турнирі

26.10.2012, 11:38 | Пікір: 1

Мақсаты:

Мектеп оқушылары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, әлемдік футбол ойынын дәріптеу

Жас ұрпақтың спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Оқушылар арасындағы мықты ойыншыларды және жеңімпаз командаларды анықтау.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жас шамасы 13-16 жас

Бірыңғай командалық киім үлгілері.

Өтініш қағазында команда құрамының аты –жөнін көрсетуі тиіс

Команда құрамында  14 ойыншы, 1-жаттықтырушы барлығы 15-адам болуы тиіс.

Турнир барысында протоколға 11-негізгі 3-қосымша ойыншылар  тіркеледі. Ойын барысында тіркелген 3-ойыншыны ауыстыруға рұқсат етіледі.

Командалардың басшылары ойын алдында 1 сағат бұрын команда құрамының саны мен аты-жөндерін белгілеп, бас төрешіге тіркеу қағазын өткізулері тиіс. Ойын алдындағы рұқсат қағазда команда жаттықтырушысы мен дәрігерінің қолы қойылуы тиіс.

Әр ойын 40-минуттан 2-тайм ойналады. Тайм аралық үзіліс 15 минут.

 

Жеңімпаздарды анықтау және тәртіптік ережелер.

- Жеңімпаздар олимпиадалық жүйе арқылы анықталады.

- Командалар тең түскен жағдайда ойын соңындағы пенальти арқылы анықталады.

 

  • Командалар тәртіпсіздік танытып, ойынның тоқтауына әкеліп соққан жағдайда тиісті командаға төрешілердің шешімімен жеңіліс беріледі.

 Команда белгісіз себептермен ойынға қатыспаған жағдайда келесі командаға жеңіс тағайындалады.құылрған (бұдан әрі – клуб/ұйым) әуесқой топтар қатыса алады.

Жалпы білім беру ұйымы үшін ойнайтын жарыс қатысушылары тек осы жалпы білім беретін ұйымда оқулары қажет. 

Клуб/ұйым тобы үшін ойнайтын жарыс қатысушылары осы клуб/ұйым орналасқан ауданда тұрулары қажет. Айтылған талапты орындау берілген ұйым басшысының қолы қойылып мөрі басылған құжатпен дәлелденуі керек.

Жарыстың барлық кезеңдеріне балалар мен жасөспірімдер спорттық мектептерінің барлық санаттағы топтары мен оқушылары, жалпы білім беру ұйымдарының арнайы футбол сыныптарының оқушылары қатыспайды. Бірақ спорттық мектептің қатысушылары республикалық жарыстардың қатысушылары болмағанын дәлелдеулері арқылы өздері білім алып жатқан жалпы орта білім беру ұйымы үшін ойнауына болады (4 адамнан артық емес).

Топ құрамы 15 адамнан тұрады, оның ішінде 14 ойыншы және 1 жаттықтырушы болады. 14 ойыншының 11-і негізгі ойыншылар және 3-еуі қосымша ойыншылар болып табылады. Ойын барысында 3 ойыншыны ауыстыруға болады. Ойынның басталуынан 2 сағат бұрын топ жаттықтырушылары ұйымдастыру комитетіне осы уақыттағы топтың толық құрамын тапсырулары қажет.

Республикалық жарыстарға (ІІІ кезең) әр облыстан 1 жеңімпаз-топтан (ІІ кезең)  қатысады.  Осылайша, республикалық ойындарға Қазақстанның 16 өңірінен 16 топ қатысады.

Жарыстың барлық кезеңдеріндегі топ жинақтауларда тәртіптің бұзылуы байқалса, берілген талаптарды бұзған топ ойыннан шығарылады.

 

5. ҚОРЫТЫНДЫ ШЫҒАРУ ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ЕРЕЖЕЛЕР

Республикалық турнирдің жеребе салуы бастауға дейін 7 күннен кешікпей  жасалады.

Матч ұзақтығы –  30 минуттан 2 тайм, барлығы 60 минут. Таймдардың арасында үзіліс 10 минут.

Жеңімпаз олимпиадалық жүйемен анқталады.

Тең түскен жағдайда пенальти арқылы жеңмпаз анықталады.

Егер команда тәртіпсіздік көрсеткен жағдайда немесе дәйекті себепсіз ойынға қатыспаған жағдайда жарыстан шығарылады. Келесі команда жеңген болып есептеледі.

Ойын алаңында 2 рет ескерту алған ойыншы келесі ойынға жіберілмейді.

 

6. МАРАПАТТАУ

1-3 орын алған командаларға кубок, диплом, естелік сыйлықтармен марапатталады. «Үздік ойыншы», «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы», «Үздік жартылай шабуылшы» номинациялары беріледі.

1-орын алған команданың жаттықтырушысына диплом, вымпел тапсырылады.

Республикалық турнирда жеңген команда «Жас Ұлан» кубогына ие болады.

 

7. ҚАРЖЫ ШАРТТАРЫ

Аудандық, облыстық кезеңдердің ұйымдастыру шығындары жергілікті жерлерде өткізетін ұйымдар, демеушілік қаражат есебінен өткізіледі.

Республикадық деңгейде ашылу және марапттау рәсімін, өткізілу бағдарламасын ҚР Білім және ғылым министрлігі қолдауымен «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ ұйымдастырады.

Барлық кезеңде команда қатысушыларының шығындары (жол жүру, тамақтану, сақтандыру шығындары) жіберуші тараптан есептеледі.

 

8. ҚАТЫСУШЫЛАР МЕН КӨРЕРМЕНДЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Дене шынықтыру мен спорттық шаралар Қазақстан Республикасының аумағына жүргізілетін қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған тиісті нормативтік-құқықтық актілер талаптарына сай спорттық объектілерде өткізіледі.

 

9. ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ САҚТАНДЫРУ

Республикалы турнирға қатысу үшін міндетті түрде қатысушылардың сақтандыру келісімі (түпнұсқа) болу қажет. Жарысқа келген күні Ұйымдастыру  комитетіне тапсырылады.

 

10. ҚАТЫСУ ӨТІНІМДЕРІ

Жарысқа қатысу өтінімін білім беру мекемес, балалар орталығы, немесе оқушылар сарайы басшылығы береді.

Республикалық турнирға қатысу өтінімін облыстық білім басқармалары төмендегі мекен-жайға тапсырады:

-  010000, Астана қ., Б.Момышұлы 5, Оқушылар сарайы, 406 каб, тел/факсу: 8(717) 270-12-38, 87021785500 және электрондық пошта: [email protected].

І, ІІ, ІІІ кезеңге қатысушы-команда жетекшілері тиісті кезең ұйымдастырушы комитетіне төмендегі құжаттарды тапсыруы қажет:

  • Тиісті үлгідегі өтінім 2 данадан  (Қосымша №1).
  • Команданың ортақ фотосуреті, және әрбір қатысушының фотосуреті (10х13 см), жіберуші тарап бекіткен аты-жөні, туған жылы, туған жері, оқу орны көрсетілген қатысушы анкетасы;
  • Туу туралы куәлік (көшірме);
  • Әр қатысушының сақтандыру туралы келісім-шарт (түпнұсқа)

Республикалық турниға жолдама алған командалар команданың аты, номірі бар кемінде 2 жарыс киімі болуы тиіс.

Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.