«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ «ӨРКЕН» республикалық экологиялық жобасының ЕРЕЖЕСІ
1. Жобаны өткізу мақсаты: оқушыларды экологиялық тәрбиеге бейімдеу, салауатты өмір салтына машықтандыру, экологиялық тәрбие беруді дамыту.
2. Жобаны өткізу міндеттері:
1) Оқушылардың экологиялық-салауаттылық танымын кеңейту;
2) Оқушылардың қызығушылығын, өз бетімен зерттеу жұмыстарын жүргізе білуін санасына сіңіру, жалпы қоршаған айналаны қорғауға өз үлесін қоса алатынын түсіндіру. Оқушыларды шығармашылыққа бейімдеу;
3) Зерттеу тәсілдерін жетілдіру, өзіндік жұмыс жасауға машықтандыру, ересек қоғамда білімдерін нәтижелі қолдана білуге үйрету.
3. Жобаны өткізу шарттары:
Қатысушылар – 1-10 сынып оқушылары.
Мерзімі: 2012-13 оқу жылы (қыркүйек-сәуір айлары)
Жобаны аудандық, қалалық оқушылар сарайлары, балалар шығармашылық орталықтары ұйымдастырады.
Жобаға қатысушы жетекшілердің міндеті – қатысушы оқушылардың жұмысын жандандыру, көмек көрсету, барлық тәрбиелік жұмыстарға қатысу және өткізу.
4. Жобаны өткізудің тәртібі: Жоба іс-шараларына қатысатын оқушылар жобаның өткізілуіне жауапты, арнайы құрылған экотопқа келіп, берілген сұранымды толтыру арқылы қатысушы куәлігін алады (сұраным және қатысушы куәлігінің үлгілері –
1-2 қосымшаларда). Куәлікке жоба барысында өткізілген және қатысқан іс-шаралар тіркеліп отырады.
Арнайы экотоптың міндеті:
— айлықты өткізу ұсыныстары мен ой-пікірлерімен алмасады;
— тапсырмаларды, жұмыс бағытын өзара анықтайды.
— экотоп мүшелері тұрғылықты жерді шағын бақылау аймақтарына бөліп, жауаптыларды сайлайды;
— аймақтағы экологиялық мәселелерді анықтайды, олардың шешімдерін ұсынады, сенбілік жұмыстарын жүргізуге және ағаш, тал көшеттерін отырғызуға басшылық жасайды.
Экотоп жыл бойы жоба барысында «ӨРКЕН» жобасының іс-шараларын жүзеге асыруды ұйымдастырады және бақылайды.
Экотоптың міндеті:
l аймақтардағы экологиялық мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарын ұсыну.
l бекітілген жер телімінің экологиялық жағдайына мониторинг жүргізу.
Жоба іс-шараларының кестесі
(толық іс-шаралар тізімі 3-қосымшада берілген)
р/с |
Жобаны өткізу кезеңдері |
Жоба бойынша жұмыс мазмұны |
Өткізу орны |
Өткізу мерзімі |
1 |
Дайындық кезеңі |
Ұйымдастырушылық жиын, сұхбаттасу |
Экотоптың аймақтағы штабы |
Қыркүйек 2012 |
2 |
Жобаны іске асырудың негізгі кезеңі |
Мектеп бағдарламасы бойынша жобаны іске асыру |
Өңірлерде |
қыркүйек-қараша 2012 наурыз-сәуір 2013 |
3 |
Жобаны іске асырудың талдау кезеңі |
Ғылыми-тәжірибелік, талдау бағыттары бойынша шаралар өткізу |
Өңірлерде |
қараша-желтоқсан 2012 қаңтар-ақпан 2013 |
4 |
Жобаның қорытынды кезеңі |
Қорытынды шаралар |
Өңірлерде
Республикалық деңгейде |
Сәуір 2013 |
5. Өткізу кезеңдері:
5.1 Дайындық кезеңі:
l жоба қатысушыларын қалыптастыру;
l қатысуға сұраным жинақтау;
l ұйымдастыру жиналысын өткізу.
5.2. Негізгі кезең:
l «Өркен» жобасына қатысатын жас экологтар өздерінің жоба аясындағы бағдарламаларын іске асыруда жоспарланған шараларға қатысады: акциялар, конкурстар, жарнамалар, көрмелер, флэш-мобтар;
l жобаны іске асыруды қорытындылауда қатысушылар өткізілген жұмыстар талдауының негізінде шығармашылық есеп презентациясын дайындайды.
5.3 Талдау (ғылыми-тәжірибелік) кезең:
l белгіленген қатысушылар экотоп ұйымдастырған шараларға (викториналар, дөңгелек үстелдер, конференциялар, семинарлар) қатысады;
l сарапшылар тобы «Өркен» экологиялық жобасы бойынша қатысушылардың нәтижесін анықтайды;
l жоба нәтижесін шығаруда өткізілген сараптамалар бойынша қорытынды ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.
5.4 Соңғы кезең:
l жоба нәтижелері айқындалады;
l «Өркен» экологиялық жобасының үздік және белсенді қатысушыларын анықтау.
6. «Өркен» экологиялық жобасы бойынша жұмыс нәтижесі:
l экологиялық жоба мониторингін жасау;
l «Өркен» экологиялық жобасында үздік нәтижелерге жеткен қатысушылар мен экотоп жетекшілерін марапаттау;
l «Өркен» экологиялық жобасының нәтижелерін БАҚ-да жариялау (интервью, мақалалар және т.б.).
«Өркен» экологиялық жобасына қатысуға сұранымды, жоба бойынша қажет ақпаратты және қорытынды есептерді электронды поштасы арқылы Ұйымдастыру комитетіне жіберу сұралады.
1 қосымша
Сұраным
№ |
Қатысушының аты-жөні |
Туған жылы, айы, күні |
Мектебі, сыныбы |
Мекен-жайы, телефон, электрондық пошта |
Қатысатын шара атауы |
|
|
|
|
|
|
2 қосымша
«ӨРКЕН» жобасы іс-шараларының кестесі
Кезең |
р/с |
Шараның атауы |
Өткізілу түрі |
Мерзімі |
Қатысушылар |
Мазмұны |
Есеп беру |
І |
1 |
Жобаның басталуы |
жиын |
қыркүйек |
1-10 сынып оқушылары |
Мектепішілік жиында экотоп жобаны өткізу презентациясын жасап, «Өркен» жобасының басталуын жариялайды. |
Электронды түрде презентация |
ІІ |
1 |
«Қоқыстан арылайық!» қоғамдық мониторингі |
|
қыркүйек |
5-10 сынып оқушылары |
Әр топ өзінің жауапты аймағында қоқыс шоғырланған, лас жерлерді анықтап, жергілікті коммуналды қызметтің арнайы қоқыс шығару мерзімін бақылайды. |
Фото-видео есеп |
2 |
«Өзіңнен баста»
(3.1 қосымша) |
Акция: Стикер, үнпарақтар тарату |
Қыркүйек
қазан
қараша |
2-8 сынып оқушылары |
Оқушылар арасында энергия көздерін үнемдеуді насихаттау. |
анықтама |
|
3 |
Қабырға газеті |
1-6 сынып оқушылары |
Қабырға газеттерінде электр энергиясын үнемдеуге шақырады, осы тақырып бойынша қызықты ақпаратты жазады. |
||||
4 |
Мониторинг |
9-10 сынып оқушылары |
Электр энергиясын үнемдеу мониторгін жасау |
||||
5 |
Туған өлкем, жайнай бер! |
конкурс |
наурыз |
1-4 сынып оқушылары |
1) Экология тақырыбына салынған ең үздік сурет конкурсы 2) Экологиялық проблемаларға салынған үздік комикстер 3) Ауыл, қала табиғатына байланысты шығарылған үздік ертегілер, өлеңдер және шығармалар |
Үздік туындылар |
|
6 |
«Табиғаттың сенімді сақшысымыз!» |
Акция |
сәуір |
5-10 сынып оқушылары |
Әр топ өзінің жауапты аймағының экологиялық мәселелерін анықтап, жағдайына талдау жасайды. |
|
|
ІІІ |
1 |
Аймақтың экологиялық жағдайы |
Дөңгелек үстел |
қараша |
7-10 сынып оқушылары |
Балалар аймақтағы экологиялық жағдайды зерттеп, оны жақсарту үшін өз ұсыныстарын, жобаларын, ойларын ортаға салады |
анықтама |
2 |
«Табиғаттың құпия сырлары» |
викторина |
қаңтар |
1-10 сынып оқушылары |
Табиғаттану, экожүйе, қоршаған орта туралы сұрақтар жарияланады. |
Анықтама |
|
3 |
«Ерекше сәнгерлер» |
конкурс |
ақпан |
5-9 сынып оқушылары |
Кез келген ескі қағаздан, қалдықтардан жасалған бұйымдар |
Үздік туындылар |
|
ІV |
1 |
«Қандай көркем, туған өлкем» |
Фестиваль, концерт |
сәуір |
Барлық жоба қатысушылары |
«Өркен» жобасына белсене қатысқан оқушылар, жетекшілер мен экотоптарды мадақтау, марапаттау кеші |
Ақпараттық-талдау анықтамасы |
2.1 қосымша
«Өзіңнен баста» акциясы
Өткізу мақсаты: оқушылар арасында энергияны үнемдеуге шақыру; энергия мен энергия қорларын қолдану және электр энергиясын үнемдеудің тиімді жолдарын қарастыруға тұрақты түрде қызмет атқаратын экотоп құру.
Өткізу шарттары: қатысушылар 2 экотопқа бөлінеді.
1 – есептеу экотобы
2 – үгіт экотобы
Экотоптардың міндеттері:
l мектептердегі энергияны үнемдеу жағдайын анықтау, және қалыпты шамдарды энергия үнемдегіш шамдарға ауыстыруды ұсыну.
l энергияны үнемдеу бойынша үгіт шараларын ұйымдастыру және өткізу;
l мектептегі және үйдегі энегияны үнемдеу мониторингін құрастыру және салыстыру.
Есептеу экотобы - мектептегі және үйдегі энергияны үнемдеу мәселелеріне тиімді шешім ұсынады.
Үгіт экотобы – бірінші топ есептеулерінің нәтижесі бойынша энергияны үнемдеуге және электр энергиясын тиімді пайдалануға байланысты іс-шаралар өткізеді.
Апта күндері |
Есептеу экотобы |
Үгіт экотобы |
Аптаның 1-ші күні |
Мектепішілік рейд жүргізу (электр есептегіштер жағдайы, қандай шамдар қолданылады) |
Стикерлар, үндеу хаттар дайындау |
Аптаның 2-ші күні |
Рейд нәтижесі бойынша мониторинг құру |
Стикерлар, үндеу хаттар тарату |
Аптаның 3-ші күні |
Оқушылар арасында энергияны үнемдеу бойынша сауалнама жүргізу |
Есептеу экотобының мониторинг нәтижесі бойынша қабырға газетін дайындау |
Аптаның 4-ші күні |
Жергілікті жер тұрғындары арасында электр энергиясын тиімді пайдалануға байланысты «Энергия және біз» тақырыбына сауалнама өткізу |
Есептеу экотобы жүргізген сауалнама нәтижелері бойынша үгітшілер тобын дайындау |
Аптаның 5-ші күні |
Аудандық/қалалық «Энергоорталықпен» бірлесе жұмыс атқару (экотоптардың болашақтағы жұмыс нәтижелерімен салыстыруға қажет болатын соңғы айдағы электр есептегіштер қорытындысын алу және қалыпты шамдарды энергия үнемдегіш шамдарға ауыстыру жұмысының нәтижесін сұрастыру) |
Үгітшілер тобының жұмысы |
Апта бойынша |
Алынған нәтижелерді келесі рейд нәтижелерімен салыстыруға дайындау
|
Үгіт бағдарламасын жүргізу (үгіт топтардың басқа ұйымдарда, балабақшаларда және т.б. үгіт жүргізуі) |
Қорытындылау: жоба бойынша экотоптар жұмысының нәтижесі туралы ақпараттық-талдау анықтамасын дайындау, энергия қорларын тиімді пайдалану туралы есеп құру.
Ақпарттық анықтаманы және шығармашылық талдау есебін электрондық поштасына жіберу сұралады.
Энергияны үнемдеуге байланысты сұрақтар
Сауалнама сұраұтарына жауап беру арқылы энергияны қалай үнемдейтініңізді тексеріңіз.
Біздің үйде |
ия |
жоқ |
Барлық ИЯ жауаптарын қосыңыз. Егер сізде: 1-ден 5-ке дейін ИЯ жауабы болса сізге әлі көп нәрсеге үйрену керек, сондықтан да қазірден бастаңыз. Егер 6-10 болса, сізде жағымды әдеттер баршылық, бірақ әлі де аз. Егер 11-15 болса, сіз басқаларға үлгі боларлықтай екенсіз. Егер 16-20 болса, сіздің отбасыңыздың бір мүшесі табиғатты қорғау министрі болуы керек. |
Жұмсалған энергияны жазып отырамыз |
|
|
|
Бөлмеден шыққанда шамды сөндіреміз |
|
|
|
Кір жуғыш машинаны толтыра қолданамыз |
|
|
|
Мұздатқыш салқын бөлмеде тұр |
|
|
|
Жылытқыштың алдына жиһаз қоймаймыз |
|
|
|
Біз энегия үнемдейтін шам қолдана бастадық |
|
|
|
Біз үстел шамын, бра қолданамыз |
|
|
|
Бөлмелердің ауасын жиі тазартып тұрамыз |
|
|
|
Біз терезелерді қысқы уақытта бекітеміз |
|
|
|
Біз түнде терезелерді жабамыз |
|
|
|
Біз тамақ әзірлегенде ыдыстың бетін жауып қоямыз |
|
|
|
Біз мұздатқышты жиі тазалаймыз |
|
|
|
Біз ыдыс тазалау үшін арнайы жуғышты қолданамыз |
|
|
|
Біз ваннаға түспей, душ астында жуынамыз |
|
|
|
Біз мектеп пен жұмысқа жаяу немесе велоспедпен барамыз |
|
|
|
Біз ғимараттан шыққанда температураны төмендетеміз |
|
|
|
Біз түнде ғимараттағы температураны төмендетеміз |
|
|
|
Біз шыны, қағаз және металды қайталап қолданамыз |
|
|
|
Біз бір рет қана қолданылатын тауарларды сатып алмаймыз |
|
|
|
Біз үлкен қораптардағы тауарларды сатып алмаймыз |
|
|
|
Біз заттарды сатып алудың орнына жөндейміз |
|
|
Пікірлер