Білім беру және тәрбие саласындағы жетістіктерді электронды және баспа БАҚ-та үздік көрсету жөнінде балалар мен жастар арасында «Алтын қалам» республикалық байқауын ұйымдастыру және өткізу туралы ЕРЕЖЕ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Ғылым мен техниканың қарыштап дамыған заманында бұқаралық ақпарат құралы барлық оқиғлара мен шаралардың ең негізгі қозғаушы күші болып табылады. Олар бүгінде біздің өміріміздің жұмыс, демалыс, мәдениет, тарих секілді барлық салаларына әсер ете алады. Осы жерден-ақ жас тілшілерді тәрбиелеу қажеттілігі туындайды.
Электронды және баспа журналистиканың дамуын қолдау мақсатында «ББЖҰ «Жас Ұлан» РҚБ салауатты өмір салты, бала құқықтарының қорғалуы мен өскелең ұрпақтың білімі мен тәрбиесін дамыту бағытындағы ең үздік жетістіктерге насихат жасау мақсатында «Алтын қалам» шығармашылық байқауын жариялайды.
1.2. Шараның мақсаты: өскелең ұрпақтың тәрбие, білім, салауатты өмір салтына деген қызығушылығын арттырып, балалар шығармашылығы мен бастамаларына қолдау көрсету.
1.3. Шараның міндеттері:
- салауатты өмір салты, құқық қорғау және міндеттерді орындау салаларында балалардың білімін қалыптастыру және тәрбиелеу;
- балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық потенциалын
көтеру;
— балалар баспа және электронды басылымдарда үздік
материалдарды жариялау.
2. ІС-ШАРАҒА ҚАТЫСУШЫЛАР
2.1. Мақсаттық топ:
— 7-11 сынып аралығындағы электронды және баспа БАҚ-тарда мақалалары бұрын жарияланған жас тілшілер
2.2. Шараны ұйымдастырушылар:
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі,
тел. 8 (7172) 28 42 87,
сайт – www.zhasulan.kz,
электрондық пошта: [email protected]
2.3.Қолдаушылар:
— ҚР Білім және ғылым министрлігі,
— ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі;
— балалар мен жасөсіпірімдер басылымдары және т.б.
3. ІС-ШАРА БАҒДАРЛАМАСЫ
3.1. Қатысушыға қойылатын талаптар:
3.1.1. Байқауға осы Ереженің 3.2. тармағында көрсетілген талаптарға сай жазылған жұмыстары бар мақала, жаңалық видео-сюжетінің, теле- радиобағдарламалардың, интернет-блогтардың авторлары қатыса алады.
3.1.2. Әрбір қатысушы бір не одан да көп номинацияға қатыса алады. Сонымен қатар әр тақырып бойынша бірнеше жұмыстарын жолдай алады.
3.2. Жұмысқа қойылатын талаптар:
3.2.1. Жіберілген жұмыстар білім мен тәрбие беру саласындағы жетістіктер мен осы Ереженің 3.4 тармағында көрсетілген талаптарға сай болуы керек.
3.2.2. Ұсынылған жұмыстар осы кезге дейін аудандық, қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық БАҚ-та (газет, журнал, радио, телевизия, электронды баспа, блог) жарияланған болуы керек.
3.2.3. Конкурстық жұмыстар 2010 жылдың қаңтарынан бастап осы кезге дейін жарияланған болуы керек.
3.2.4. Байқауға қатысу үшін ұйымдастырушылардың электронды поштасына «Алтын қалам» деген белгімен алдын ала бекітілген нысандағы өтінішті (1 Қосымша) және байқау жұмысын жіберуі қажет. Баспа материалдарының (PDF форматында) сканерленген нұсқасын, ал аудио-, видео-, радио- жұмыстардың сілтемесін жіберу керек немесе пошта арқылы жүктеп жіберу керек.
3.1.4. Байқауға қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі жұмыстар қабылданады.
3.1.5. Байқауға бір не бірнеше номинация бойынша жұмыстарын жолдай алады.
3.1.5. Осы Ереженің талаптарына сай келмейтін және өз уақытынан кешігіп жеткен жұмыстар қарастырылмайды.
3.3. Байқау кезеңдері:
I кезең – 18 қыркүйек – байқау туралы жариялау және байқаудың қазылар алқасын анықтау;
II кезең - 18 қыркүйек – 2 қазан аралығында – өтініштер мен байқауға қатысатын шығармаларды қабылдау (қатысушылар тақырыпқа сай жұмыстарын[email protected] электрондық поштасына жібере алады);
III кезең – 2 – 3 қазан күндері – ең үздік жұмыстарды анықтау;
IV кезең - 8 – 10 қазан – жеңімпаздарды жас тілшілердің медиа-форумында
3.3. Байқау номинациялары:
Байқау жеңімпаздары 3 номинация бойынша анықталады.
— «Спорт»
— «Экомәдениет»
— «Құқығынды біл!»
Сондай-ақ, қосымша номинациялар анықталады.
• «Ең жас тілші»;
• «Үздік шығарма»;
• «Үздік телевизиялық жоба»;
• «Үздік блог»;
• «Үздік радиобағдарлама».
4. МАРАПАТТАУ
Байқау жеңімпаздары және үздік жұмыстардың авторлары 2013 жылдың 8-10 қазан аралығында шетелдік БАҚ өкілдерінің қатысуымен Астана қаласында өтетін Республикалық балалар медиа-форумында марапатталады.
Оған қоса үш номинацияның жеңімпаздары «Жас Ұлан» ұйымының Республикалық «Мәңгілік ел ұландары» атты жылдық марапатына ұсынылады.
5. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
Іс-шараны өткізу бойынша барлық шығындарды «Жас Ұлан» ББЖҰ» РҚБ өзіне алады.
1қосымша
Оқушылар арасындағы
Республикалық «Алтын қалам»
байқауына қатысуға
ӨТІНІШ
• Қатысушының аты-жөні: ________________________________________
_________________________________________________________________
Туған күні ________________________________________________
Мекен-жайы: __________________________________________
________________________________________________________________
Байланыс телефоны: ___________________________________________
e-mail: ________________________________________________________
• Ұсынылған жұмыстың атауы ____________________________________________________________________
• Жарияланған уақыты мен БАҚ –тың атауы __________________________________________________________________
• БАҚ саласындағы жетістіктері
_________________________________________________________________
Пікірлер
"Тілші болғым келеді" балалар БАҚ медиа - форумын ұйымдастыру және өткізу туралы ереже сайтқа қашан шығады?
Осы форусға қатыстым!!! өте тамаша өтті! осындай форумдар тағы болса деймін!! өйткені бұндай форумдар мемлекеттік тілдің деңгейін көтереді және жастарды болашақ мамандығын таңдауға үлесін қосады!!!