«Мәңгілік ел ұландары» республикалық жүлдесін өткізу туралы ЕРЕЖЕ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Іс-шараның өзектілігі. Табиғатынан әр адам, әсіресе жасөспірімдер өз әрекеттеріне оң баға беруді, оны ынталандыруды қажет етеді. Оң нәтижені ынталандыру, тұлғаның еңбегін басқалардың мойындауы қуаныш сезімін тудырады. Ынталандыру оң қасиеттер мен әдеттерді қалыптастырады.
Қол жеткізген табыстар өзіне деген сенімділікті арттырумен қатар, баланы жоғары нәтижелерге жетелейді.
Осыған байланысты, жыл сайын Жүлдені өткізу қажет. Ол жерде ең талантты балалар анықталып, марапатталатын болады.
1.2 Мақсат – балалар шығармашылығы мен бастамаларын талантты балаларды анықтау және марапаттау арқылы дамытуды ынталандыру.
1.3 Міндеттер:
• қоғамға пайдалы қызметін сіңірген, оқуда, спортта, шығармашылық түрлерінде, еңбекте, әлеуметтік бастамаларда, ерте кәсіби қалыптасуда, ғылыми-зерттеу қызметінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген Қазақстан Республикасының жас азаматтарын ынталандыру;
• балалардың әлеуметтік бастамаларын қолдауға және жандандыруға айтарлықтай үлес қосқан педагог-ұйымдастырушыларды, тәлімгерлерді ынталандыру;
• «Жас Ұлан» ұйымының, қоғам мен мемлекет өміріндегі балалар қозғалысының әлеуметтік мәртебесін және дәрежесін көтеру;
• Қазақстан Республикасының азаматтық қоғамының қалыптасуына және дамуына балалар қоғамдық ұйымдарының көшбасшыларының жеке үлесін қоғамдық мойындау.
1.4 Жүлденің ұраны: «Менің жетістіктерім – Отанымның жетістіктері!»
2. ІС-ШАРАҒА ҚАТЫСУШЫЛАР
2.1 Мақсаттық топ:
- балалар мен жасөспірімдер, 1-11 сынып оқушылары – республикалық байқаулардың үздік қатысушылары (90 адамнан көп емес), өздігінен өтінім жіберген балалар қозғалысының көшбасшылары мен белсенділері (20 адамнан көп емес);
- Облыс/қала Ұланбасы (16 адам);
- «Жаңа леп» балалар әндерінің республикалық байқауының жеңімпаздары (10 адам);
- балалар қозғалысы мен бастамаларын дамыту ісіне айтарлықтай үлес қосқан мектеп тәлімгерлері мен тәрбиешілері (16 адам);
- «Жас Ұлан» ББЖҰ» өңірлік атқарушы хатшылары (16 адам);
- «Жас Ұлан» ББЖҰ» Үйлестіруші Кеңесінің мүшелері (10 адам);
- қонақтар (20 адам);
- балалар қозғалысы мен белсенділердің ата-аналары (30 адам);
- БАҚ өкілдері (10 адам).
2.2 Ұйымдастырушы:
- «Жас Ұлан» Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі, тел. 8 (7172) 79 93 38, сайт – www.zhasulan.kz, электронды пошта: [email protected]
- ҚР Білім және ғылым министрлігінің жастар ісі жөніндегі Комитеті.
Байқаудың ұйымдастырушылық комитеті:
осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
байқау комиссиясының құрамын, үміткерлерді бағалау критерилерін және жүйесін жасайды және бекітеді;
номинацияға үміткерлердің тізмін бекітеді;
байқаудың барлық рәсімдерін өткізу тәртібін бекітеді;
байқау жеңімпаздарын марапаттау тәртібін бекітеді;
байқауды өткізудің күнтізбелік жоспарын (бағдарламасын) бекітеді;
байқау нәтижесін бекітеді.
Әр номинация бойынша жеңімпаздарды анықтау мақсатында байқаудың ұйымдастырушылық комитетінің мүшелері үміткердерден қосымша ақпарат талап етуге құқылы.
2.3 Байқау комиссиясы:
Байқау комиссиясының мүшелері мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, білім беру, ғылыми, зерттеу мекемелерінің өкілдері, саясат, экономика, мәдениет, өнер, ғылым және өндіріс саласындағы көрнекті қайраткерлер болуы мүмкін.
Байқау комиссиясының мүшелерінің саны – 5 адам.
Байқау комиссиясы:
- Жүлдені табыстауға үміткерлердің жіберген материалдарын сараптамасын жүргізеді;
- негізгі және арнайы номинациялардағы жеңімпаздардың тізімін жасайды, бұл тізімді Байқаудың ұйымдастырушылық комитетінің бекітуіне жібереді.
3. ІС-ШАРАҒА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ
3.1 Жүлде «Жас Ұлан» ұйымы қызметінің жеті бағытына сай келетін негізгі жеті номинация бойынша табысталады:
«Зерде» - «Жас зерттеуші» номинациясы;
«Руханият» - «Жас дарын» номинациясы;
«Салауат» - «Жас толағай» номинациясы;
«Жеті жарғы» - «Бала би» номинациясы;
«Отан» - «Жас патриот» номинациясы;
«Экоәлем» - «Жас эколог» номинациясы;
«Еңбек» - «Жас қанат» номинациясы.
Сонымен қатар Жүлде арнайы номинациялар бойынша да ұсыналады:
«Үздік атқарушы хатшы» - бұл номинация рейтинг және жылдық есеп беру бойынша көп ұпай жинаған өңірлерлік атқарушы хатшыларға беріледі;
«Балалар үшін» - балалар қозғалысын дамытуға, «Жас Ұлан» қызметін қолдайтын және ұйымның дамуына ерекше үлес қосқан серіктес ұйымдарға арналған;
«Үздік тәлімгер» - балалармен жұмыс және балалар қозғалысын дамытуға белгілі бір үлес қосқан педагог-ұймдастырушыларға, тәлімгерлерге табысталады;
«Үздік Ұланбасы» - «Жас Ұлан» ұйымының жұмысын өңірлерде үйлестіретін, облыс Ұланбасыларына арналған.
3.2 7 бағыт бойынша негізгі номнацияларға қатысу үшін республикалық байқаулардың жұмыстардың үздік авторлары шақырылады, әр байқау бойынша 5-тен 10 адамға дейін:
1) «Көшбасшылық мектебі» (Астана қ. үшін) атты балалар ұйымының көшбасшыларының біліктілігін арттыратын семинар-тренингтің үздік түлектері;
2) «Қазақстан-2050» бейнероликтердің республикалық байқауының үздік қатысушылары;
3) балалар мен жастарға арналған ҚР мемлекеттік рәміздерінің тарихы туралы үздік әңгімелердің авторлары;
4) «EXPO-2017» (Астана қ. үшін) көрмесіне орайластырылған экологиялық акцияның белсенді қатысушылары;
5) «Жайдарлы Жас Ұлан» зияткерлік ойынының жеңімпаздары;
6) үздік инновациялық-техникалық жобалар мен идеялардың республикалық байқауының үздік қатысушылары;
7) «Бала би» балалар мен жастар арасындағы шешендік өнер байқауының жеңімпаздары;
8) «Алтын қалам» электрондық және баспа БАҚ-та білім беру және тәрбие саласындағы жетістектерді балалар мен жастар арасында үздік жариялау республикалық байқауының үздік жұмыс авторлары;
9) А.Байтұрсынұлының туғанына 140 жыл толуына орай ұйымдастырылған викторина жеңімпаздары.
Жүлденің Салтанатты рәсіміне шақырылған қатысушылар тізімін осы Ереженің 1 Қосымшасынан қараңыз.
Балалар мен жасөспірімдер арасында насихатталатын 7 бағыттың бірі бойынша жетістіктерге жеткен барлық тілек білдірушілер де байқауға қатыса алады (ҚР орта білім беру мекемелерінің 1-11 сынып оқушылары). Олардың Жүлденің Салтанатты шараға қатысуы туралы шешімді Байқау комиссиясы қабылдайды.
3.3 Қосымша номинацияларға қатысуға облыс Ұланбасылары, өңірлердің атқарушы хатшылары, педагог-ұйымдастыушылар шақырылады.
3.4 Жүлденің әр номинациясы бойынша 3-5 үміткер ұсынылады, олар үшін 21 қараша күні қосымша байқаулар ұйымдастырылады, олардың қорытындысы бойынша жеке рейтинг құрылады. Көп ұпай жинаған қатысушылар номинация лауреаттары болады.
3.5 Әр номинацияда Жүлденің бір ғана иегері болады. Бір үміткер бірнеше номинацияға ұсыныла алмайды.
3.6 Жүлдені беру туралы шешімді Байқау Комиссиясы қабылдайды.
3.7 Жүлдеге қонақ ретінде қатысу үшін «Жаңа леп» республикалық балалар әндері байқауының жеңімпаздары шақырылады (қатысушылар тізімін 2 Қосымшадан қараңыз).
4. ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ТАЛАП ЖӘНЕ ӨТІНІМДІ РЕСІМДЕУ
4.1 Бекітілген тізімге сәйкес республикалық байқаулардың қатысушылары (1 Қосымша), қатысқылары келетін балалар қозғалысының белсенділері, көшбасшылары, 10 қараша 2013 жылға дейін бекітілген үлгіге сәйкес өтінім беруі тиіс (3 Қосымша).
4.2 Облыс Ұланбасылары да 10 қараша 2013 жылға дейін өтінім беруі тиіс, сонымен қатар облыс аумағанда ағымдағы жылда әрекет ететін жүзеге асқан әрекет етуші әлеуметтік жоба туралы толық ақпарат беру керек (4 Қосымша). Бұл ақпарат Ұланбасының облыстағы әрекетінің тиімділігін бағалайтын ең басты критерии болып табылады.
4.3 10 қараша 2013 жылға дейін тәлімгерлер, педагог-ұйымдастырушылар да өтінім беруі тиіс (5 Қосымша).
4.4 «Жаңа леп» балалар әндерінің республикалық байқауының жеңімпаздары да 10 қараша 2013 жылға дейін өтінім беруі тиіс (6 Қосымша).
4.5 Жүлдеге қатысу туралы өтінім байқауға қатысуға тілек білдірген үміткердің Ережеде көрсетілген талаптарға келісімін білдіреді.
Үміткер беретін Жүлдеге қатысуға өтінімде болуы тиіс:
• Ереженің 3 Қосымша, 4 Қосымша, 5 Қосымша, 6 Қосымшасына сәйкес толтырылған (үміткерлер санатына сай) сауалнаманы. Сауалнамада үміткер туралы толық ақпарат мемлекеттік тілде болу керек;
• сапасы жоғары 5 фото сурет болу керек.
Өтінім [email protected] электронды поштасы бойынша
қабылданады, тақырыбында «Жүлде» деп көрсету керек. Үлгіге сай емес, толық емес немесе дұрыс толтырылмаған, суреті жоқ өтінімдер қарастырылмайды.
4.6 Өңірлердің атқарушы хатшыларына 2013 жылға арналған 1 қаңтардан 15 қарашаға дейін айларға бөлінген (7 Қосымша), жасалған жұмыстары туралы қорытынды (8 Қосымша) шығармашылық толық есеп беруі тиіс, сонымен қатар іс-шаралар жоспарын, қарашаның екінші жартысы мен желтоқсан айларында өткізілуі жоспарланған іс-шараларды да көрсету керек (9 Қосымша). 10 Қосымшада қорытынды шығармашылық есеп беру кезінде басшылыққа алынатын үлгі ұсынылған. Қажетті құжаттардың барлығын [email protected] электронды поштасына 15 қараша 2013 жыл Астана уақыты бойынша 23:00-ге дейін жіберу керек. Тақырып «Жылдық есеп» деп аталуы тиіс. Барлық өңірлік атқарушы хатшылар қағазға шығарылған есепті қатты қаптамада, түрлі-түсті нұсқасын «Жас Ұлан» ББЖҰ» РҚБ республикалық штабына Астана қ., Сығанақ 18/1, «Уют» ТК мекенжайы бойынша 18 қараша 2013 жылға дейін жіберуі керек.
Барлық атқарушы хатшыларға сапасы жоғары суреттерін 10 қараша 2013 жылға дейін электронды пошта арқылы жіберу керек.
5. ІС-ШАРА БАҒДАРЛАМАСЫ
5.1 Өтетін орны мен уақыты: Астана қ., 21-22 қараша 2013 ж.
*бағдарламаға өзгерістер енгізілуі мүмкін
Өткізу орны Іс-шара атауы
20 қараша
Қатысушылардың келуі, қонақ үйге жайғасу
21 қараша
8.30 - 9.30 Таңғы ас
10:00 – 12:30 Байқау өткізу
13:00 – 14:00 Түскі ас
14:30 – 18:00 Байқау өткізуді жалғастыру
18:30 – 19:30 Кешкі ас
20:00 – 22:00 Көңіл-көтеру бағдарламасы
22 қараша
8.30 - 9.30 Таңғы ас
10:00 – 11:00 Байқау қорытындысын шығару, премия номинацияларының лауреаттарын анықтау
11:30 – 13:30 Мастер-класс / Экскурсия
14:00 – 15:00 Түскі ас
15:30 – 16:30 Бос уақыт
17:00 – 18:00 Көрме
18:00 – 20:00 Салтанатты марапаттау шарасы
20:15 – 21:30 Салтанатты кешкі ас
22:00 – 23:30 Қонақ үйдегі көңіл-көтеру бағдарламасы
23 қараша
Қатысушылардың кетуі
6. МАРАПАТТАУ
6.1 Салтанатты шара шеңберінде келесі республикалық байқаулардың жеңімпаздарын дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапаттау көзделген:
1) «Жаңа леп» балалар әндерінің байқауы;
2) «Қазақстан-2050» бейнероликтер байқауы;
3) балалар мен жастарға арналға ҚР мемлекеттік рәміздерінің тарихы туралы әңгімелер байқауы;
4) үздік инновациялық-техникалық жобалар мен идеялар байқауы.
6.2 Сонымен қатар, әр номинацияда жеңімпаздарды марапаттау жүзеге асады. Жүлденің атрибутикасы: статуэтка, арнайы куәлік және естелік сыйлық.
Қосымша ақпарат үшін мына электронды пошта бойынша: [email protected], немесе 8 7172 79 93 38, 8 701 399 6541 (Садвакасова Динара) тел. бойынша хабарласыңыз.
Пікірлер