«Жас Ұлан» тоқсан сайынғы Республикалық балалар мен жасөспірімдер журналын шығару ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
1. Жалпы ережесі
1.1. Өзектілігі: Ғаламтордың дамуы балалар-жасөспірімдер бұқаралық ақпарат құралдарының қатарының азаюына алып келеді. Көптеген басылымдар мемлекет тарапынан қолдау тапса да, балалар мен жасөспірімдер арасында кең қолданысқа ие болмай отыр. Бұның басты себебі – жастар оқитын, оларды қызықтыратын тақырыптардың жоқтығы. Өскелең ұрпақты оқуға шақыруда, сөйлеу мәдениетін және сөздік қорын толықтыруда «Жас Ұлан» ББЖҰ» РҚБ балалар арасында сұранысқа ие болатын тоқсан сайынғы журнал шығаруды қолға алып отыр.
1.2. Мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің оқуға деген қызығушылығын арттырып, журнал шығарылымдары арқылы ұйымның жұмыстарын дәріптеу.
1.3. Міндеттері:
- балалар ақпараттық саласында журналдың рөлін анықтау;
- балаларды қызықты және заманауи тақырыптармен қамтамасыз ету;
- ұлттық тәрбие және ұлттық құндылықтарды басылым арқылы өрістету;
- ойлау өрісін кеңейте отырып, логикалық және интеллектуалды
машықтарын қалыптастыру;
— шығармашылық деңгейін көтеру.
2. Жобаның қатысушылары
2.1. Мақматтық топ:
Мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдер;
— вожатые, педагоги-организаторы, завучи по воспитательной работе и др.
2.2. Жобаның ұйымдастырушылар:
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі,
тел. 8 (7172) 28 42 87,
сайт – www.zhasulan.kz,
электрондық пошта: [email protected]
2.3. Қолдаушылар:
ҚРБілім және ғылым министрлігі,
ҚР Мәдениет және ақпарат министрілігі,
Облыстық әкімдіктер,
3. Жобаның өткізілетін шарттары
3.1. Тәжірибелік маңыздылығы: Журнал журналистика саласына деген балалар қызығушылығын арттыруды көздейді, жас тілшілерге өзінің мақалаларын шығаруға және басылым беттерінде өскелең ұрпақтың маңызды мәселелерін талқылауға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, журнал беттерінде басқа басылымдарда жарияланбаған балаларға қызықты ақпараттар жарияланады. Балалар мен жасөспірімдерге қатысты журнал теориялық және тәжірибелік мағынадағы ақпараттарға толы болады.
3.2. Әлеуметтік маңыздылығы: Жобадан болатын әлеуметтік әсер: Журналды шығару барысында балалар мен жасөспірімдер арасында «Жас Ұлан» ББЖҰ» РҚБ жұмысын жоғары дәрежеде танытуға және оған деген қызығушылықты арттыруға мүмкіндік бар. Тоқсан сайынғы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер журналы балалар басылымдары арасында патриотизм мен ұлтқа деген және оның дәстүріне деген сүйіспеншіліктің негізгі идеологы болып қалады.
3.3. Журнал құрылымы:
3.3.1. Журнал әртүрлі рубрикалардан тұрады. Рубрикалар «Жас Ұлан» Республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымының басты 7 бағыты бойынша жарияланады. Яғни, «Зерде», «Руханият», «Отан», «Салауат», «7 жарғы», «Еңбек», «Экоәлем» бағыттары. Аталған әр бағыт арнайы бояулармен боялады. Бұл журналдағы ақпаратты тез табуға көмек бермек.
«Зерде» – оқушылардың ақыл-ой деңгейін және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру және дамытуда басты рөл атқармақ. Бағыт бойынша журналда интеллектуалдық, логикалық сұрақтар, түрлі викториналар және т.б. жарияланады;
«Руханият» - өзіндік және басқа халықтардың адамгершілік, этикалық, бейнелеу-эстетикалық негіздерін дамытуға және қалыптастыруға, өз түсініктеріңді басқа адамдар мен әлеуметтік топтардың қызығушылықтарымен біріктіруге шақырады. Жас тілшілерге, жас дарындарға, ақындарға шығармашылық байқау жарияланып тұрмақ.
«Отан» - отанға қызмет етудің маңыздылығы, өз халқың үшін мақтаныш сезімі, мемлекеттік рәміздерді, мемлекеттің және туған өлкеңнің идеологиялық негіздерін білуге жағдай жасайды. Рубрикада Қазақстанның кереметтері, табиғаты, өңірлер тарихы және т.б. көрініс таппақ.
«Салауат» - салауатты өмір салтын қалыптастырудағы бағдарламаларды ұйымдастыру арқылы дене шынықтыруды дамытуға әсер етеді. Салауатты өмір салтын ұстаудағы қиыншылықтар мен олардың пайдасы, зияны туралы болмақ.
«Еңбек» -оқушылардың білімділігін және біліктіліктерін қалыптастыру. Білім саласындағы оқушылардың атқарар рөлі, еңбек қоғамын қалыптастырудағы маңыздылығы сөз болады.
«Жеті жарғы» - оқушылардың тұлғалық, әлеуметтік, құқықтық біліктіліктерін, азаматтық белсенділіктерін және саяси сауаттылығын, өз міндеттерін орындау және өз құқығын қорғай білу қабілеттерін қалыптастырады. Шешендік сөздер, билер мен жыраулардың, ар-намыс, балалар құқықтарының сақталу заңдылықтарын айқындамақ.
«Экоәлем» - балалардың қоршаған ортаға дұрыс қатынас орнату және табиғат қорларын тиімді пайдалануға бағытталған экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Рубрикада «ЭКСПО-2017», «Жасыл экономиканың» республика аумағында таралуы, түсіндірілу деңгейін көтеруді көздей отырып, жаңа инновациялық технологиялар туралы жазылады.
4.Күтілетін нәтижелер
1. Журнал баланың зерделілігі мен логикалық ойлау қабілетін дамытады;
2. Жастар саясаты мен балалар қозғалысында болып жатқан тың жаңалықтармен қамтамасыз етіледі;
3. Журналистика саласына деген балалар қызығушылығы арта түседі;
4. Интеллектуалды, патриот, толерантты балалар мен жасөспірімдер буыны тәрбиеленеді.
5. Ақпараттық қолдау
5.1. Журналдың электронды нұсқасы www.zhasulan.kz. ресми сайтында жарияланады.
Пікірлер