Құжаттар

«Астана туралы аңыздар мен ертегілер» байқауының ЕРЕЖЕСІ

17.04.2014, 3:43 | Пікір: 0

Мақсаты мен міндеттері: Балалар мен жасөспірімдердің Астана қаласына деген қызығушылығын арттыру. Астанаға деген таңдану мен мақтаныш сезімдер туғызу. Астананың бұрынғы атауы мен қазіргі маңызды мақтаныштары туралы айта отырып, оқушылардың білімдерін толықтыру. Ертеңгі ел болашағы болып табылатын жас ұландарға өз елі, отаны туралы айта білуге үйрету. Балалардың сезімталдық, қиялшылдық, ертегіні есіне түсіріп толқу, жақсылық істеуге талпыну шығармашылық қабілеттерін дамыту. Өз республикасын танып білуге, жақсы көруге, отанға деген сүйіспеншілікке патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Байқауға қатысу шарттары: Байқауға қатысуға Астана қаласымен байланысты аңыздар, ертегілер, әңгімелер және т.б. Астана қаласының белгілі бір жерін қамтитын (бұл көше, саябақ, өзеннің иреңі, жаяу көпір немесе тіпті аялдама, ғимарат немесе құрылыс: үй, ескерткіш, ағаш және т.б.) жазба оқиғалар қабылданады.
Таңдалған орын немесе нысан туралы аңызға қосымша аздаған шынайы ақпарат (мекен-жайы, пайда болу тарихы, сәулет нысанының авторлары және т.б.) қосылғаны құпталады.
Аңызға қосымша иллюстрациялық сипаттау ретінде фотосуреттер мен суреттерді қосуға болады.
Мәтін көлемі – А4 форматындағы парақтың жартысы немесе толық бір бетінде (TimesNewRoman, 12) қабылданады.
Қатысушы сауалнамасын толтырып, жұмысты толтырылған сауалнамамен бірге [email protected] электрондық мекен-жайына жіберу немесе Астана қаласындағы Сығанақ к-сі, 18/1 үй, 4 СК әкелу сұралады. Анықтама телефоны: 8 (7172) 79-93-38.
Байқауға тапсырылған жұмыстар www.info-tses.kz сайтының «Мифы и легенды Астаны» айдарына орналастырылады.
Байқауға қатысу үшін сұраным 6 маусымға дейін қабылданады.

Байқау қорытындысы: Астана күні, 6 шілдеде байқау қорытындыланып, құнды сыйлықтарға ие болатын жеңімпаздар аталады. Байқау нәтижесі бойынша әділқазылар алқасы таңдаған ең үздік жұмыстар «Астана туралы аңыздар мен ертегілер» кітапшасына енеді.

Байқау ұйымдастырушылары: «Инфо-Цес» газеті (www.Info-tses.kz), «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы (www.zhasulan.kz).

Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.