Ұстаздар мен тәрбиешілерге, тәлімгерлерге, балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының басқарушыларына арналған республикалық семинар өткізеді
Тәрбие - жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс. Бұл өте жан-жақты тараптардың қатысуымен жүзеге асырылатын қиын әрі кешенді үрдіс. Бұл үрдістің тараптарының ішінде оқытушылар, тәлімгерлер, әдіскерлер, балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының жетекшілері маңызды орын алады. Алайда қазіргі таңда олардың қызметтерін бірегейлендіретін қандай да бір құжат жоқ. Осыған байланысты «Жас Ұлан» ББЖҰ» РҚБ арнайы осы категориядағы тұлғаларға республикалық деңгейде семинар өткізу керектігін аңғарып отыр. Себебі балалар қозғалысын дамытуда болымды нәтижеге жету үшін барлық тәлім-тәрбие беретін барлық институттардың күш-жігерлері біріктірілуі қажет.
Осыған орай, ҚР Білім және Ғылым министрлігі Жастар істері жөніндегі комитетінің қолдауымен «Жас Ұлан» ББЖҰ» РҚБ 2013 жылдың 23 - 25 қазан аралығында ұстаздар мен тәрбиешілерге, тәлімгерлерге, балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының басқарушыларына арналған республикалық семинар өткізеді. Өйткені, балалар қозғалысында барлық әлеуметтік тәрбие беру институттарының басын біріктіру қажет.
Аталмыш іс-шараның мақсаты білім беру саласындағы тәлімгерлерге әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету, аға тәлімгерлер мен балалар белсенділерін оқыту арқылы балалар қозғалысын дамыту мен қолдау болып табылады.
Шараның бағдарламасы:
1 күн:
Ұйымдастыру кезеңі – қатысушыларды күтіп алу, орналастыру;
Пленарлық отырыс – баяндама оқушылардың сөз сойлеуі;
Семинар-секция жұмыстары.
2 күн:
Тренингтер өткізу, теориялық және тәжірибелік білім алу;
3 күн:
Семинар жұмысының қорытындысын шығару, жұмыстың өнімділігін бағалау.
Өтетін орны: Астана қаласы, «Нұр Отан» партиясының ғимараты
Өткізу уақыты: 2013 жыл 23-25 қазан
Пікірлер
Мына хабарлама біздің ауданға түскен жоқ.Аудан хабарлама жібергеннен кейін семинарға жібереді