Хабарландыру тақтасы

«Бала би» шешендік өнер сайысы

06.11.2013, 6:08 | Пікір: 2

 

Қазіргі таңда оқушылардың батыстың әндерін тыңдап,  киноларын көріп ер жетіп, ғаламтор беттеріндегі өзге тілдегі ақпаратпен сусындап өскендіктен қазақ тілінде көсіліп сөйлеуге қиналатыны жасырын емес.  Күнделікті теледидардан немесе қоғамдық орындарда әліпбидің қазақы әріптерін бұрмалап сөйлейтін кішіні де, үлкенді де жиі кездестіреміз. Шешен сөйлеуге тек аталар мен әжелердің, болмаса қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің  қолынан келетін өнер секілді қарай бастадық. Тіпті, біреу мемлекеттік тілде тоқтамай сөйлесе, сол адамға таңырқауды шығардық. Алайда, өткен ата-бабамыздың кез келгені осы тілде тым еркін әрі әдемі сөйлегенін бәрі біледі. Түрлі тарихи оқиғалар мен жағдайларға байланысты сабақтар ұрпақтастығының үзіліп қалғаны рас. Осы орайда ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен «Жас Ұлан» Балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ «Бала би» шешендік өнер сайысын ұйымдастыруда. 

          Шараның мақсаты: қатысушылардың шешендік өнерге деген құштарлығын арттыру, оқушылардың қазақ тілінде сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, білімдерін арттыру, тез шешім қабылдауға бейімдеу, ел алдында жасқанбай өз ойын жеткізуге үйрету және сөзшең, талантты оқушыларды марапаттау.

         7-8 қараша 2013 жыл аралығында 16 аймақтан келген топтарды іріктеу туры өтеді. Шараға құрметті қонақ ретінде өнер жұлдыздары, белгілі қоғам қайраткерлері шақырылды. 

            Құрметті БАҚ өкілдері, сіздерді 8 қараша күні сағат 15.00-де «Думан» ойын-сауық орталығында өтетін финалдық ойынына шақырамыз. Сондай-ақ, жаңа бастамаға қолдау білдірулеріңізді өтінеміз.

Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
  • Айсулу Жеткерген

    белсене қатысамыз деген ойдамын құрметті Жас Ұландықтар!!!!!

    06.01.2014, 12:24
  • Айя Нагашыбаева

    Әрине айтқандарыңызға келісемін!Белсене ат салысайық!!!

    22.07.2014, 13:23
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.