«Отандық кино күні» акциясы
2012 жылғы 30 қыркүйек күні Талдықорған қаласы әкімдігі, Алматы облысының жастар саясаты орталығы және «Қазақтелеком» АҚ Алматы облыстық телекоммуникация дирекциясы, Облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатысуымен «Отандық кино күні» атты акция ұйымдастырды. Шара І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында өткізілді. Қала күнін атап өту шараларының аясында ұйымдастырылған бұл акцияның мақсаты – отандық кино өнерінің тың туындыларын қала тұрғындарына таныстырып, мереке қарсаңында көтеріңкі көңіл сыйлау.
Оқушылардың бойына туған қаласына деген сүйіспеншілік пен оның тазалығы мен мәдениеттілігіне деген жауапкершілікті сіңдіру болды.
Акция барысында «Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ ұсынған 4 соңғы кино туындылар көрермендерге тегін көрсетілді. Кино күнінің шымылдығын Елбасымыздың жастық шағынан сыр шертетін «Балалық шағымның аспаны» атты көркем фильм ашқан болатын. Артынша сағат 12.00 де: «Жау жүрек мың бала» фильмі, сағат 15.00 де: «Аңшы бала» және кешкі көрсетілімде «Сказ о розовом зайце» фильмдері қойылды. Ұйымдастырушылардың қала күніне орай жасаған бұл шарасы осымен ғана тоқталмады, кешке көрсетілімде болған 4 киноның басты кейіпкерлерін сомдаған жас актерлер мен жетекші қызметкерлері қонаққа келді. Атап айтқанда, Айдархан Адильбаев – дистрибуция және киноны жалға алу орталығының жетекшісі; Максим Акбаров – «Қазақфильм» АҚ PR-директоры, «Сказ о розовом зайце» фильмінің басты рөлде ойнаған актер; Алмагүл Алишева – «Балалық шағымның аспаны» атты көркем фильмнің басты рөлдердің бірін сомдаған жас актер; Асылхан Төлепов – «Жау жүрек мың бала» фильмінің басы рөлінде ойнаған жас актер; Жанель Аликова – «Аңшы бала» киносындағы басты рөлде ойнаған жас актер; Санұржан Сүлейменов – «Аңшы бала» фильмінде басты кейіпкерді сомдаған жас актер.
Отандық кино өнерін тамашалауға жиналғандар өздерің қызықтырған жан-жақты тақырыптағы сұрақтарын кеш қонақтарына қойып, жоғары деңгейдегі кездесу өткізілді. Барлық қатысушылардың көңілінен шыққан бұл шара алдағы уақыттарда да өткізіліп тұрса деген ұсыныстар айтылды.
Пікірлер