Көшбасшылар форумы
Форумның тақырыбы: «Ұланымыз ұлы елдің»
Өтілетін орны: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
Форумның мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына жауапкершілікті қалыптастыру, «Жас Ұлан» ұйымын нығайту және жетілдіру, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымын кеңінен насихаттау.
Форумның міндеті:
— балалар мен жастар мәселесін шешуде мемлекет пен қоғам назарын аудару;
— әлеуметтік істерді жүзеге асыруда балалар ұйымдарының белсенді араласуын қалыптастыру;
— «Жас Ұлан» ұйымының белсенділігін арттыру.
Ұйымдастырушылар:
— Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы;
— Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы;
— Облыстық «Өркен» қосымша білім беру орталығы;
— Облыстық «Жас өркен» балалар мен жастар ұйымының одағы» ЖҚБ
— Облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы
Қатысушылар: Батыс Қазақстан облысының қала, аудандарының жас көшбасшылары. Облыстық «Жас Ұлан-2012» байқауының жеңімпаздары
Өтілетін уақыты: 28 қараша 2012 жылы, сағат 10.00.
Өту бағыты:
Форумның ашылу салтанаты облыстық Ғ. Құрманғалиев атындағы филармонияның үлкен залында 2012 жылдың 28 қараша күні сағ: 10.00-да басталады. Ашылу салтанатында «Жас Ұлан -2012» байқауының жеңімпаздары марапатталады. Форум жалғасы түстен кейін Орал қаласындағы №10 ЖОББМ базасында өткізіледі. Форум дөңгелек үстелден тұрады және 3 бағыт бойынша жұмыс жасайды.
1-ші бағыт: «Жас Ұлан» балалар ұйымы арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру» (жетекшілерге арналған секция жұмысы)
2-ші бағыт: «Тәуелсіз Қазақстанның жас ұландары - жарқын келешектің қолдаушысы» (патриоттық тәрбие бағыттағы секция жұмысы)
3-ші бағыт: «Бос уақыт. Қызығущылық. Тәртіп» (құқықтық тәрбие бағытындағы секция жұмысы)
Секция жұмыстарынан кейін шеберлік сыныптары өткізіледі. Шеберлік сыныптарын облыстық «Жас Ұлан» көшбасшылары, «Өркен» қосымша білім беру орталығының әдіскерлері жүргізеді. Форум кезінде «Шапағат» МӘМ (медициналық әлеуметтік мекеме) бүлдіршіндеріне арналған «Біз де өз жылуымызды сыйлай аламыз» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады. Форумның жабылу салтанаты сағ:17.00де №10 ЖОББМ акт залында өткізіледі. Барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етіледі.
Пікірлер