Ақмола облысында «Балалардың көзқарасын құрметтеу» атты отырыс өтті
Ағымдағы жылдың 27 қыркүйек Ақмола облыстық «Жас Ұлан» ББЖ ұйымдастыруымен «Балалардың көзқарасын құрметтеу» тақырыбындағы отырыс өтті.
Отырыстың күн тәртәбінде қарастырылған мәселелер: Қазіргі таңда Қазақстанда сот кезінде балалардың ойын 10 жастан бастап тыңдайды (ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексі, 62 бап). Бұл жас мөлшерін алып тастау мәселесі (БҰҰ Балалар құқығы бойынша Комитетінің ұсынысы). Әкімдік жанындағы балалардың ісі бойынша балалардың қатысуымен өтетін кеңес құру (балалар өз ойларын ашық жеткізу үшін), балалардың қоғамдық өмірге араласуы, үйдегі зорлық-зомбылық, балалардың мамандық таңдауына мүмкіндік берудің дұрыс және бұрыс тұстары.
Отырысқа судья, психолог, адвокат, , қоғам қайраткерлері, жастар ұйымдарының белсенді мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.
Отырыс алдағы уақытта балалардың мәселелерін оңтайлы шешуде өз нәтижесін беретіндігіне сенім мол.
Пікірлер