Жаңалықтар

Біз – жолдағы қауіпсіздік үшін!

12.06.2013, 6:46 | Пікір: 1

2013 жылғы 29 мамыр күні Талдықорған қаласында жасөспірімдер мен жастарды барынша қамти отырып, жасөспірімдер арасында жол – көлік оқиғаларының алдын алу, жолда жүру ережелерін түсіндіру, үйрету және де оны қатаң сақтауға шақыру, жаяу жүргіншілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Біз – жолдағы қауіпсіздік үшін!» атты акциясы жүргізілді. 


  Шараға Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, ІІД-нің Жол полиция басқарма қызметкерлері, Алматы облысының жастар саясаты орталығы, облыстық «Жас Отан» Жастар қанаты, облыстық «Жас Ұлан» ұйымы, БАҚ өкілдері қатысты. Шара барысында насихат жұмыстары жүргізілді, құқық бұзушыларға жол ережесі  жайлы түсіндіру парақтары таратылды.


Рейд барысында бірнеше құқық бұзушылыққа жол берген азаматтарға шара қолданылды. Атап айтқанда жол полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін автокөлік жүргізушілері тоқтатылып, хаттама толтырылды, жүргізушінің куәлігі тәркіленді. Автокөліктеріне тиым салынған жерге тоқтағаны үшін хаттама толтырылды.


 

 

Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
  • керемет дүние, мұндай шаралардың санын арттыру керек сынды...

    12.06.2013, 7:56
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.