#Bizbirgemiz, бәрін жеңеміз!
Біздің өміріміздегі ең басты байлығымыз денсаулық екенін білеміз. Онда неге оны қадірлеп, жауапкершілікпен қарамасқа?
⠀
Коронавирус індеті күн сайын өршіп, онымен күресу күрделене түсуде.
⠀
Covid-19-бен күрес әрбір азаматтың міндеті деп түсінуіміз керек. Қазір әрбір екінші қазақстандық, оның ішінде барлығымыздың таныстарымыз, жақындарымыз осы індетті жұқтырып жатыр. Оның басты себебі біздің немқұрайлығымыз.
⠀
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 11 мамырда шектеулер алынғаннан кейін вирустың таралуы 7 есе өскенін айтты. Осыған орай, Карантин шараларын қатаңдату керек деді.
Жаңа қабылданған денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы коронавирус жағдайы бойынша үш нұсқаны ұсынды. "Егер карантин енгізбесе, тамыз айының соңына қарай күн сайын 27 мың адам Covid-19 жұқтырса, екі апталық карантин кезінде — 7 мың, ал айлық карантин кезінде — күніне небәрі 2,5 мың оқиға тіркелетін болады",- деп атап өтті.
⠀
Мемлекет тарапынан барлық қауіпсіздік іс-шаралары біз үшін жасалатынын ұмытпайық! Отбасылық жиындарды, достармен кездесуді тоқтата тұрайық.
Өзіңіздің, жақындарыңыздың өміріне жанашыр болып, карантин ережелерін сақтайық!
⠀
#Bizbirgemiz, бәрін жеңеміз!
Пікірлер