2013 жылғы 4 маусым күні Қаратал ауданы, Үштөбе қаласының орталық алаңы, «Жастар» орталық стадионында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай балалар мен жасөспірімдер арасында велоспорттық жорық және жарыс өткізілді. Бұл шара жасөспірімдер мен жастар арасында патриоттық сезімді нығайтып, Мемлекеттік Рәміздерге деген құрмет пен мақтаныш сезімін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау, сонымен қатар бұқаралық спорт түрлерімен жүйелі айналысуына ықпал етіп, дарынды жастарға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Шара Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, Алматы облысының жастар саясаты орталығы, Қаратал ауданының әкімдігі, облыстық «Жас Отан» Жастар қанаты, Алматы облыстық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы, облыстық «Жасыл ел» штабы, Үштөбе қаласының балабақша тәрбиеленушілері, жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері, жастар ұйымдары, БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткізілді.
Үштөбе қаласының алаңында ашылу салтанаты өткізіліп, спортшылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай Ту ұстап, ұрандап, қала көшелерімен жүріп, «Жастар» орталық стадионына велоспорт жорығынан мақтанышпен келді.
Орталық стадион мерекеге сай безендіріліп, түрлі-түсті жалаулар тігіліп, ұрандар ілініп, кереметтей мерекелік күйге енді. Стадионда № 55078 әскери бөлімінің сарбаздары ҚР Мемлекеттік туын желбірете халық алдынан сап түзеп алып өтті.
Сондай-ақ өткізілген велоспорт жарысы барысында, ұл-қыздар болып спортшылар 3 топ бойынша жарысқа түсті: 1) Бүлдіршіндер арасында. 2) Жасөспірімдер арасында 3) Ересек балалар арасында. Сонымен қатар, шара барысында жеңіске жеткен спортшыларға әр түрлі денгейдегі сыйлықтар тапсырылды.
Жиналған Үштөбе қаласының халқы жігерленіп, болған шараға ат салысып, қызыға тамашалады.
Пікірлер
Предыдущие 6 комментариев
Алматы облысы қашанда салауатты өмір салтын қалыптастыруда белсенді. Оған дәлел миллионер қаланың әкімі Ахметжан Есімов мырзадан бастап салауатты өмір салтын қолдауы һәм қашанда оған көңіл бөлуі.
18.06.2013, 13:08
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.
Пікірлер
Алматы облысы қашанда салауатты өмір салтын қалыптастыруда белсенді. Оған дәлел миллионер қаланың әкімі Ахметжан Есімов мырзадан бастап салауатты өмір салтын қолдауы һәм қашанда оған көңіл бөлуі.