1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні
Бабаларымыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Өйткені бүгінгі бала - елдің ертеңгі болашағы. Дана халқымыз өсіп келе жатқан баланы жас ағашқа ұқсатады. Егер ағаштың артық өскен сабақтарын қырқып, оған күтім жасап тұрса ол ағаш түзу өсіп, жайқалып, жемісін беріп, сая іздегенге пана болып, жарамды ағашқа айналады, ал еркімен өскен ағаш қисайып шіріп, ақыр соңында отыннан басқаға жарамай қалатындығы сөзсіз. Сондықтан, келешегін ойлаған ел бүгінгі күннен бастап балалардың тәрбиесіне бей-жай қарамауы тиіс. Осыны ескерген Елбасы Н.Ә.Назарбаев келешек ұрпаққа үлкен мән беріп келеді. Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамның белсенді мүшесі ретінде қалыптастыру, оларды өздерін біздің елімізге керек екендерін сезіндіру қажет екенін әрбір сөзінде айтып келе жатыр.
Елбасының тапсырмасын орындау, ауданымыздағы мүмкіндігі шектеулі балалардың көңілін аулау мақсатында, 1 маусым Халықаралық балалар күнін ерекше атап өту үшін Ұйғыр аудандық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы мен Бахар ауылының жастар ісі бойынша нұсқаушысы Н. Абдрахмановалар осы ауылдық округтегі балаларды құттықтап қайтты. Сондай жандардың бірі Аппазов Сайфуллам Сайдулинович. Біздің ауданның белсенді жастары өзін құттықтап келгенін, өзіне шын ниетпен келгенін түсінген Сайфуллам ерекше ықыласын білдіріп, рахметін айтып қуанып қалды. Бүгінгі мерекенің ерекше өткенін де жеткізді. Біздің ауданның белсенді жастары жұмысын тек мереке кездерінде ғана еске алып қана қоймай, әр уақытта да бұл тапсырмаларды орындайтынын, осындай іс шараларды өткізу арқылы белсенділіктерін арттыратынын білдіріп жатты. Еліміздің келешегі жастар десек, әлі талай белестерден көрінетініміз сөзсіз!
Пікірлер