Жаңалықтар

Астана қаласында «Бірге өмір сүру» фестивалі аясында үздік жас отбасыларға арналған конкурс өтті

29.09.2017, 23:18 | Пікір: 0

            2017 жылдың 29 қыркүйегінде ҚР жастар саясаты саласындағы маңызды оқиғалардың бірі - «Бірге өмір сүру» фестивалі аясында үздік отбасылар үшін ҚазМедиаОрталық кинозалында өтті.Қазақстанның үздік 16 отбасылық жұптары «Ең достығы берік және талантты отбасы» атағы үшін жарысты.

            Қазылар алқасының мүшелері: ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен жастар  саясаты департаментінің директоры - Оспанқұлов Ғабидолла, кино және театр актрисасы, Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі - Өтекешова Меруерт, Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актрисасы – Жүгінісова Айнұр, «Болашақ» қауымдастығының атқарушы директоры - Божаков Азамат, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы - Садвақасова Динара.

           Үш кезеңнің қорытындысы бойынша Астаналық Қожахметовтар отбасы гран-приге ие болды.     

           Сонымен қатар, тағы үш номинация бойынша марапатталды: «Патриоттық сезімі терең отбасы» – Алматы облысынан Какимовтар отбасы, «Отбасылық құндылықтары жоғары отбасы» – Алматы облысынан Тұрысбек отбасы, сонымен қатар «Көрермен жүрегін ұялаған отбасы» – Астана қаласынан Устименко отбасы.

           Іс-шара «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен жүзеге асырды. Фестивальге жас отбасылар қатысты.

           Сондай-ақ фестиваль аясында Қазақстанның жас отбасылардың мәселелері бойынша қоғамдық тыңдау жоспарлануда.

Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.