Жаңалықтар

Астана қаласында «Үздік жас отбасы» байқауы өтті

21.10.2018, 15:35 | Пікір: 0

Астана қаласында «Үздік жас отбасы» байқауы өтті

Отбасының бірлігі – Отанның бірлігі.

Н.Ә. Назарбаев

Отанды сүю – отбасынан басталатындығын барлығымыз жақсы білеміз. Бүгінде Отан мен отбасымызды қаншалықты сүйіп, қорғай алып жүрміз? Мұхит тамшылардан құралса, мемлекет шағын отбасылардан тұрады. Кез – келген мемлекеттің тұрақтылығы, оның ішіндегі шағын отбасылардың тыныштығының белгісі. Өкінішке орай, соңғы кездері бейбіт заманның өзінде шаңырағы шайқалып, ажырасып жатқан жастарымыз жоқ емес. Әрине, жағымсыз жәйт. Бірақ, әңгіме бұл жөнінде емес. Біз қазақстандық отбасының жағымды беделін насихаттап, үлгі тұтуға лайық тұстары жөнінде айтпақшымыз.

Есіл жағасында бой көтерген Елордамыздағы жас отбасылардың белсенділігі мен «Үздік жас отбасы» атануға ұмтылысы.

         Астана – асқақ армандар мен шексіз мүмкіндіктер мекені. Сағат түгіл, секундпен жарысып іске асып жатқан жобалар қаншама. Солардың бірі, «Отбасы – бақыт мекені» жобасы. Дәл осы жоба аясында өткен «Үздік жас отбасы» байқауына толығырақ тоқтала кетсек. Байқау а.ж. қазан айының 4 – і күні жарияланды.  Бірінші кезең 12 – сіне  дейін жалғасты. Қатысу үшін, ереже бойынша өтінім толтырып «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында эссе жазу керек болған. Нәтижесінде, 70 отбасының өтінімі қабылданды. Әділқазылар алқасының шешімімен, осы 70 өтінімнің ішінен тек 10 жұп қана екінші кезеңге жолдама алды. Олар:

  1. 1.     Мухамбеткалиевтар отбасы
  2. 2.     Қодығановтар отбасы
  3. 3.     Жумагуловтар отбасы
  4. 4.     Ильясовтар отбасы
  5. 5.     Тлеубековтар отбасы
  6. 6.     Кенжеғұловтар отбасы
  7. 7.     Исапарлар отбасы
  8. 8.     Нурмухановтар отбасы
  9. 9.     Абишевтер отбасы
  10. 10. Сапарғалиевтар отбасы

Әр отбасының өзіне тән ерекшеліктері бар. Қатысушылардың құрамы да бір біріне ұқсамайды. Әскери қызметкерлер мен дәрігерлер, музыканттар мен кәсіпкерлер, өнер және спорт саласында жүрген жастар. Астана ФК тәрбиеленушісі болған Мухамбеткалиев Бахтияр, Ұлттық Ұлан оркестрінің аға музыканты Қодығанов Айдос, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының дәрігері, нейрохирург Кенжеғұлов Ерген және т.б. қатысушыларымыз өз жанұяларымен бірге 20 қазан күні өткен байқаудың екінші кезеңінде бақ сынасты. Екінші кезең келесі тәртіппен өткізілді:

  1. 1.     Таныстыру (үй тапсырмасы).  
  2. 2.     Сұрақ – жауап.  
  3. 3.     Импровизация.

Тартысты өткен  жарыс «Оқушылар сарайында» 500-ге жуық көрерменнің басын қосты. Төрелік еткен әділқазы мүшелерінің құрамында «Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы» ММ басшысы Есин Данияр Нұрашұлы, Астана қалалық маслихатының депутаты Батпенов Саят Нұрланұлы, «Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы» ММ Жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Жүнісбеков Бақытжан,  «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының Астана қаласы бойынша жеңімпаздары Ерекешов Асылжан және Манира ханым болды.

         Жарыс болған жерде жеңімпаз болары анық. Жүлде қоры 800 000 (сегіз жүз мың) теңгені құраған байқаудың қорытындысы былай болды:

1-орын Жумагуловтар отбасы 200 000 (екі жүз мың) теңге

2-орын Кенжеғұловтар отбасы 150 000 (жүл елу мың) теңге

3-орын Мухамбеткалиевтар отбасы 100 000 (жүз мың) теңге

Қалған жеті отбасыға, орын алмаса да, үздік ондыққа өтіп, белсенділік танытқандары үшін 50 000 (елу мың) теңгелік сертификаттар табысталды.

Көрсетер үлгісі менен берер пайдасы мол байқауды «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі «Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы» ММ тапсырысымен жүзеге асырды.

Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.