Астаналық жасұландықтар арасындағы cпартакиада өтті
2019 жылы 14 қаңтарда Астана қаласының №54 мектеп-лицейінде жасұландықтар арасында спартакиада өтті. Балалар дартс, арқан тарту, қаппен жүгіру, допты жүргізу және т.б. сияқты байқауларда жарысты.
Қазылар алқасының шешімі бойынша орындар келесідей бөлінді:1-орынды 54 мектеп-лицей және «Жеті жарғы» бағыты бойынша команда, 2-орынды «Зерде» бағыты бойынша команда,3 - орынды «Руханият» бағыты бойынша команда иеленді.
Черлидинг бойынша сайыста:1 орын - «Зерде» бағыты, 2 орын - «Жеті жарғы» бағыты, 3 орын - «Экоәлем» бағыты.
Іс-шараны «Jasulan Team» Республикалық еріктілер штабының «Салауат» бағыты ұйымдастырды.
Пікірлер