Жаңалықтар

"Асыл Мұра" wikipedia-ны толтыру республикалық байқауы"

23.10.2020, 15:26 | Пікір: 0

Интернет желісінде қызықты да пайдалы ақпарат іздейтін оқырмандарымыз үшін байқау ұйымдастырып жатырмыз.

2020 жылдың 23 қазан мен 15 қарашаға дейін "Birgemiz: Asyl Mura" жалпыұлттық жобасы аясында "Асыл Мұра" wikipedia-ны толтыру республикалық байқауы" өтеді.

Байқауға қатысу үшін БИО-дағы таплинкке кіріп, өтінім берулеріңіз керек.

Қатысушылардың назарына:

- байқау 2 кезеңнен тұрады;

- қатысушылардың жұмыстары мәдени мұраны дәріптеуге, өңірдегі тарихи маңызды обьектілерді қамтуға, ұмытылып бара жатқан ескерткіштер мен орындарды насихаттауға бағытталуы тиіс;

- материалдар Microsoft Office форматында және қосымша  дәлел ретінде зерттеу тақырыбына сай сурет  болуы қажет. Мәтін 2000 сөзден аспауы керек;

- жұмыстарыңызды @birgemiz_asyl_mura таплинктегі Google form(гугл формаға) жүктеулеріңіз керек;

- қатысушылар @birgemiz_asyl_mura, @jasulan_qz парақшаларына жазылуы міндетті.

Байқаудың жүлде қоры 180 000 теңге.


Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.