Жаңалықтар

Атырау облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы жетекшілері мен көшбасшыларына арналған қалалық/аудандық слеттің қорытынды хабарламасы

24.05.2014, 15:06 | Пікір: 0
              Атырау облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының 2014 жылғы жылдық жоспарына сәйкес мамыр айының 5-20 аралығында Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде облыстық «Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен Атырау қаласы мен аудандарында ұйым жетекшілері мен көшбасшыларына арналған І слет өткізілді. 
             Слетті өткізудегі мақсат - Атырау облысындағы балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамыту, ұйымның жұмысын жандандыру, ұйымның жобаларын жүзеге асыру және балалар мен жасөспірімдердің көшбасшылық, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, тәлімгерлердің өзара тәжірибе алмасуларына жағдай туғызу. Слетке қалалық, аудандық әкімдік пен білім, спорт, өнер қайраткерлері, соғыс ардагерлері мен еңбек ерлері қонақ ретінде шақырылды.  Слет бағдарламасы «Жас Ұландар» аллеясының ашылуымен басталды. Аллеяда жас ұландар бас қосып, аллеяға тақтайша орнатып, қатысушылар үндеу жолдады. Одан әрі слеттің салтанатты бөліміне құрметті қонақтар қатыстырылып, жас ұландықтардың бастамасына қолдау көрсетіп құттықтау сөз кезегін алды. Слет аясында мектеп ұйымдарының сәлемдемесіне кезек беріліп, «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау рәсімі өткізілді. Слеттің салтанатты бөлімі аяқталғаннан кейін «Жас Ұлан Аламаны» спорттық эстафеталық интеллектуалдық ойынының тұсаукесері жасалып, жас ұландардың қатысуымен ойын ойнатылды. 
             Түскі үзілістен кейін ұйым жұмысын жандандырып, тәжірибе алмасу мақсатында мектеп ұйымдарының көрмесі мен секциялық жұмыстар ұйымдастырылды. Секциялық жұмыстарда тәлімгерлер шеберханасы таныстырылып, «Жас Ұлан» ұйымының жобаларын жүзеге асыру, түрлі шебер- кластар, тренингтер барысында ұйым белсенділері мен тәлімгер- жетекшілері өзара ой бөлісіп, пікірлесті. 
             Атырау қаласы мектептерінің ұландарымен өткен слет жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен «Жас Ұлан» көшбасшылық мектебі» атты семинар –тренингпен жалғасты. Тренинг өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, қазіргі замандағы ақпараттық технологияны тиімді қолдану, әлеуметтік желілерді бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылды. 
Слет аясында белсенділік танытқан жас ұландықтар арнайы алғыс хаттармен, «Жас Ұлан Аламанында» жеңімпаз атанған командалар дипломдармен, мектеп ұйымдарының көрмесінде үздік жұмыс үлгісін көрсеткен мектеп ұйымдары, секциялық жұмысқа белсене араласқан және оларды тиімді ұйымдастырған көшбасшылар, белсенділер марапатталды. Слет өнерлі жас ұландардың концерттік нөмірлерімен аяқталды.
               Слеттің өту кестесі және қатысушылар саны: 5 мамыр – Аққыстау ауданы 80 –ге жуық қатысушылар, 6 мамыр – Құрманғазы ауданы 150-ге жуық қатысушылар, 8 мамыр - Махамбет ауданы 90 –ға жуық қатысушылар, 12 мамыр - Индер ауданы 170-ке жуық қатысушылар, 13 мамыр – Мақат ауданы 60-қа жуық, 14 мамыр – Жылыой ауданы 200-ге жуық қатысушылар, 16 мамыр – Атырау қаласы 300-ге жуық қатысушылар қамтылды. Слет 20 мамыр күні Қызылқоға ауданында 70-ке жуық қатысушылармен өткізілмекші. Ұйым тарихында тұңғыш рет кең көлемде өткізілген слетке облыс бойынша 1000-нан астам қатысушылар қатынасты.
Осылайша, қойнауы байлыққа тұнған өлкеміздің жас ұландары өз достарын тағы бір мәрте қуантты! 

Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.