Атырау облысындағы «Жас Ұлан» ББЖҰ жұмысын қалыптастыру және дамыту
Аталған шараның мақсаты – өңірдегі балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамыту, ұйым жұмысын жүйелендіру.
Дөңгелек үстелге Атырау облысының жеті ауданы, Атырау қаласы және облыстық мектеп-интернаттардың атқарушы хатшылары мен Ұлан басшылары, барлығы 30 адам қатысты.
Дөңгелек үстелдің тақырыбы барысында төмендегідей мәселелер талқыға салынды:
Атырау облыстық «Жас Ұлан» ББЖҰ атқару комитетінің 2013 жылы атқарылатын іс-шаралар жоспарын талқылау, бөлінген міндеттер бойынша жауапкершіліктер жүктеу;
Қалалық, аудандық кеңес жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері:
- Қалалық, аудандық, мектеп комитеттерін құру, құрамын бекіту;
- Ұйым жұмысын жоспарға сай ұйымдастыру, атқарылған жұмыстардың апталық, айлық есебін тапсыру тәртібі;
1 мамыр – ҚР халықтарының бірлігі күніне орай ұйымға жаңа мүшелерді қабылдау мәселелері:
- Қала, аудан бойынша қабылданатын оқушылар санын анықтау;
- Қабылдауды өткізу мерзімін белгілеу – қалалық, аудандық кеңес және облыстық мектептер атқарушы хатшылары.
Өзге де мәселелер:
- Ұйымның мәліметтер базасын жасақтау мәселелері;
- www.zhasulan.kz әлеуметтік желісіне қосылу нұсқаулығы және тіркелген қолданушылар мониторингі кестесімен таныстыру;
- Жоспарланған шаралардың өткізу мерзімін бекіту және ережелермен таныстыру;
Сондай-ақ, дөңгелек үстел барысында балалар ұйымының жұмысын жүргізуде кездесетін қиындықтар және оларды шешу жолдары сөз болды. Осы мәселелерге байланысты шараға қатысушылар тарапынан ұсыныстар берілді. Атап айтар болсақ, аудандық, қалалық білім бөлімдерінде жоспарланған шараларды өткізуге қаражат бөлу, «Жасұландықтарды» ынталандыру мақсатында жазғы демалыс уақытында туристік экскурсиялар ұйымдастыру, 2011-2015 жылдарға арналған тәрбие бағдарламасына «Жас Ұлан» ұйымының жұмысын жалпы білім беретін мектептерде жүргізуге байланысты қосымша өзгертулер қосу және облыстық білім беру басқармасының алқа мәжілісінде, аудандық, қалалық білім бөлімдерінде мектеп директорларының мектептегі ұйым жұмысы есебін тыңдау секілді мәселелерді ұсынды. Шара соңында қатысушыларға үлестірме материалдары таратылды.
Пікірлер
Керемет :)