Жаңалықтар

«Балалар қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін» Е. А. Дмитриенко атындағы Медаль

19.05.2020, 0:05 | Пікір: 0

19 мамыр – Балалар ұйымдары күні. Балалардың болашағы үшін аянбай еңбек етіп жүрген әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

Еліміздің балалар қозғалысының дамуына ерекше үлес қосқан тұлғалардың бірі Елена Александровна Дмитриенко. Қазіргі таңда Елена Александровнаның ізін жалғап келе жатқан мұғалімдер, тәлімгерлер бар. Ол кісілердің еңбегі елімізде бағалануы тиіс деп есептейміз.

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы «Балалар қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін» Е. А. Дмитриенко атындағы Медалді табыстайтындығын жариялайды.

Балалар қозғалысын дамыту ісінде ерекше еңбегі бар тұлғалар медаль және ақшалай сыйақымен марапатталады.

Тіркелу үшін анкета толтыру қажет (сілтеме )

Қосымша ақпаратты байқау бойынша ережеден   қарай аласыздар.


Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.