Жаңалықтар

Балалар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық «Бала би» шешендік өнер сайысы

06.11.2013, 19:59 | Пікір: 1

Замана тынысы өскелең ұрпақ – ел болашағы. Осы орайда зиялы ұлт тәрбиелеу кез-келген адамның міндеті, бұл біздің Отан ана алдындағы борышымыз.


2013 жылғы 6-8 қараша аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар ісі Комитетінің қолдауымен Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалармен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен Балалар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық «Бала би» шешендік өнер сайысы өткен болатын. Аталмыш сайысқа Қазақстанның 10 облысынан жиырмаға жуық топ қатысты. Қатысушыларға белді де сапалы сала мамандары төрелік етті. 

Сайыс барысында үш ойын іріктеме ойыны болды. Жартылай финалға төрт команда өтіп «Ұлттық бірыңғай тестілеу қоғам талабын қанағаттандырады ма?» тақырыбы аясында ой өрбітті. 

Ақтық мәреге Ақмола облысынан келген «Ашық айтамыз» тобы мен Алматы қаласындағы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының «Мұрагер» тобы өтті. Ақтық мәре «Думан» ОСО орталығында ойнатылды. Ақтық мәрені тамашалауға Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл ағамыз бен белгілі жырау қоғам қайраткері Алмас Алматов ағамыз, жас ақын Жандарбек Бұлғақов келді. 

Ойын қортындысы бойынша Алматы қаласындағы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының «Мұрагер» тобы жеңімпаз деп танылып, «Бала би», «Бала жырау» атақтарын иемденді. Жеңімпаздарымызды ел зиялылары марапаттап, жас жеткіншектерге ақ тілегін білдірді. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар берілді. Қоғам санасында түрткі салған бұл жаңа ойын түрі болашақта қоғамда сұраныс тудырып, ел ілтипатына бөленері сөзсіз. Ендеше, жаңа ойдың бастауы болған «Жас Ұлан» ұйымы ел болашағы!

Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
  • Динислам Тлесов

    Достар жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын. Негізінен "Бала би" сайысы маған қатты ұнады. Бұл сайыс қазіргі жастардың, яғни біздің ата-бабаларымыздан қалған мұрамыз шешендік өнерді жетіп-меңгеруімізге зор үлесін қосады. Біздің Қызылорда облысы Арал ауданындада "Бала би" сайысы улкен деңгейде өтті. Осындай сайыстар көптеп ұйымдастырыла берсе деп тілеймін!

    15.01.2014, 15:04
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.