Жаңалықтар

Біз білмейтін талаттылар

23.01.2020, 0:00 | Пікір: 0

Бағдарламаға қатысқан өзгеше қабілетті, ерекше талантты кейіпкерлер:· № 23 ОМЛ 3 класс оқушысы Туркумбаев Муса – турник спорты бойынша Қазақстан КИнЭС рекорттар кітабына еніп, балалар арасындағы әлемдік рекорд орнатқан.· № 64 ОМ 5 «Ә» класс оқушысы Мұратқызы Әйгерім. «Алтын сапа» премиясында «Алтын оймақ» марапатымен қатар ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 млн теңге сыйлығына ие болған 10 жасар дизайнер. Екі жыл ішінде өзінің «Ai-Kerim» жеке брендін қалыптастырған этно-дизайнер. Көшпелі халықтарға тән киізден жасалған өнімдер жасау, экологиялық таза өнім жасау брендімен әлемге танылуды көздеп жүр.· Новый орта-мектеп лицейінің 5 «А» класс оқушысы Нағашыбаев Мирас. Адам денсаулығына қауіп төндіретіндей әйнек сынықтарын денемен жабу жаттығуын өзінің қызығушылығына айналдырған.· Ақтөбе ОМ 3класс оқушысы ментальды арифметика бойынша жеңімпаз Зюзин Артур.· № 21 ҮТМГ 4 «А» класс оқушысы Маликқызы Айзат қобызда ойнайды, билейді, өлең, әңгіме жазып жүр, «Дарын» облыстық энциклопедиясына екі жыл қатарынан енген дарынды оқушы.· № 55 ОМ 9 кл.оқушысы Оразбаев Амирхан –Калашников автоматын жартылай бөлшектеу және жинауды көзімен жұмып жасайды.· Қызылжар ОМ 5 «Ә» класс оқушысы Әбілғазы Фариза –Қазақ халқының рухани жәдігерліктерінің ішінде мақтаныш етер бай мұрасының бірі дәстүрлі әндерді орындап, Республикалық «Нұрлы жастар», «Дарын», «Тәуелсіздік – бастауы бар бақыттың» байқауларының І орын жүлдегері.· № 70 ОМ 6 «Ә» класс оқушысы Әбдірова Мөлдір. Ән сайыстарының жеңімпазы, табиғи дауыспен ән шырқады.· № 14 ОМ 6 «Б» класс оқушысы Махмут Сабина – актер болуды армандайды, Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай вокалдық топпен бірге клип дайындаған екен.· № 15 ОМ оқушысы Буканов Санжар – кез келген бейнені лезде салатын қасиеті бар. Бағдарлама кезінде өзгеше техникамен сурет салып, үлгерді. Барлық қатысқан оқушыларға естелік сертификаттар табысталды.

Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.