"Біз болмасақ, енді кім?" атты еріктілер форумы
Бұл шарға Орал қаласы әкімінің орынбасары Б.Нарымбетов, облыстық жастар ресурстық орталығы басшысы М.Нұркен білім беру бөлімінің мамандары қонақ болып келсе,қаламыздың мектептерінен 200 ге жуық оқушылар және тәлімгерлер қатысты.Форум мақсаты дарынды ,ерекше оқуды қажет ететін балаларды қолдау, әлеуметтік жауапкершілікке үйрету, ынтымақтастық өзара көмек және мейірімділік сезімдерін ояту,тәлімгерлердің ынталандыру,2020 жыл волонтарлар жылы аясында "Волонтарлар академиясы" жобасына старт берілді.Аталған форум екі күнге созылады 6 ақпан Бастау коворкинг орталығында еріктілерді облысымызға танымал спортшы,өнер жұлдыздары,жетістіктері мол азаматтармен ашық алаң форматында кездесумен жалғасын табатын болады.
Пікірлер