«Досыма сыйлық» қайырымдылық акциясы
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы Қазақстан халқына жолдауын басшылыққа ала отырып, «Жас ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен 31 қаңтар күні Қызылорда облыстық "Кәмелетке толмағандарды бейімдеу" орталығында «Досыма сыйлық» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, өткізілді. Қайырымдылық акциясына № 7, 101, 176 мектеп оқушылары қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Іс-шараны бастамас бұрын, балалармен жақын танысу мақсатында тренинг жүргізілді. Балалар белсене қатысып, өздерінің есімдерінің алдына сын есім қойып, өздерін таныстырды. №7 орта мектептің 1-сынып оқушысы Бүркітбай Нұрмұхаммед "Улыбка" әнін шырқады. Оқушылар балалармен жақсы араласып кетті. Бойымызды сергітіп алу үшін "Эстафета"ойыны ойналды. Балаларды екі топқа бөленді. Жасырын түрде екі топқа екі аңның атын айтылды.Тақтаға әр топтың балалары біртіндеп берілген аңның бөлігін салды.
Бұл ойында қойылатын шарт: бір топтың салған аңының суретін екінші топ табуы керек. Бүкіл балаларды ортаға шығарып, қолдарына шашақ таратып, екі қызды алдына шығарып би қимылдарын жасатып, соны барлығымыз қайталап флэш-моб жасады. №176 орта мектептің 7-сынып оқушысы Қасиет "Ертегілер" әнін айтты. «Қазынаны тап»ойынын ойнату үшін осы бөлменің ішіне жасырын сыйлық тығамыз.Сол сыйлықтың қайда тұрғанын білу үшін плакаттарға сызбанұсқа сызылды.Екі топқа екі сызбанұсқа берілді. Сызбада бөлменің іші көрсетілді. Сыйлық қарамен белгіленген. Сыйлықтың тұрған орнын балалар тауып, сыйлықтарға ие болды. Сыйлықтарды тапсыру үшін "Жас Ұлан" ұйымының белсенді мүшесі сөз алып, балаларға алғысын айтты.
Пікірлер