«ЕЛ РӘМІЗДЕРІ – МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ»
«ЕЛ РӘМІЗДЕРІ – МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ»
балалар мен жастарға арналған ҚР Мемлекеттік рәміздерінің тарихы туралы үздік шығармалардың республикалық танымдық-зерттеулер байқауы
БАЙҚАУҒА ҚАТЫСАТЫН ЖҰМЫСТАРҒА
ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Байқау келесі номинациялар бойынша өтеді:
- «Мемлекеттік рәміздер тарихы». Бұл номинация бойынша қатысушылар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің тарихы туралы өздерінің қызықты әрі тапқыр ойларын шығармалары арқылы ұсыну керек.
- «Мемлекеттік рәміздер туралы аңыз әңгіме». Аталған номинация бойынша тарихта бар, яғни атадан қалған аңыз әңгімелер ұсынылады.
- «Мемлекеттік рәміздер туралы ертегі» номинациясы бойынша байқауға қатысушының өз ойынан шығарған ертегісі қатыса алады.
Жұмыс мазмұнына қойылатын талаптар:
- жұмыс мемлекеттік рәміздер тарихы туралы шығарма, аңыз әңгіме немесе ертегі түрінде болу керек;
- жұмыста оқушылардың көзқарасы, қиялы, қызықты ойы жақсы көрініс табу керек;
- балалар мемлекеттік рәміздердің тарихы, олардың әр элементі туралы терең ойларын, идеяларын, зерттеу нәтижелерін балаларға да қызықты болатындай етіп жеткізу керек;
- жұмыс мағлұматқа бай, терең мағыналы болу керек;
- жұмыс автордың өз туындысы болу керек, яғни жұмыс еш жерден көшірілмеген болу керек, өйткені жұмыс плагиатқа тексеріледі;
- сонымен қатар автор шығармасына сурет қосып жіберсе болады. Жіберілетін сурет шығарманың мазмұнын, мәнін бейнелеуі шарт. Байқауға қолме,н немесе компьютермен салынған, яғни графикалық үлгідегі жұмыстар қабылданады, сонымен қатар кітап, ғаламтор немесе өзге де қайнар көздерден алынған суреттерді жіберуге тыйым салынады.Суретті автордың өзі салуы міндетті емес.
Жұмысқа қойылатын техникалық талаптар:
- жұмыстар электронды немесе баспа түрінде жіберілу керек;
- шрифт - Times New Roman, өлшемі 14, екі жол арасындағы интервал – 1 см;
- беттің жиектері: сол жағы - 3 см., оң жағы - 1,5 см., үсті - 2 см., асты - 2см.
Өтініштер қыркүйектің 20-на дейін қабылданады.
Байқау жеңімпаздарын мараппаттау:
1. бірінші орын және лауреат атағы – 1; iPad
2. екінші орын және лауреат атағы – 1; Электрондық кітап
3. үшінші орын және лауреат атағы – 1; планшет
4. ынталандыру сыйлығы және дипломант атағы – 2; ынталандыру сыйлықтары
БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР:байқауға Қазақстан Республикасының орта білім беру мекемелерінің 5-11 сынып оқушылары қатыса алады.
Байқауды ұйымдастырушылар:
«Жас Ұлан»ББЖҰ»РҚБ, тел. 8 (7172) 79 93 38, 79 93 51, 79 93 55;
ресми сайт – www.zhasulan.kz; электронды пошта –
Байқауға қолдау көрсетушілер:
- ҚР Білім және ғылым министрлігі
Пікірлер
Мен ертен жіберсем болама екен.
Dostar!
Sizderdi kutemiz! Korytyndy shygaruga az gana uakyt kaldy
Мен осы жобаға қатысып едім,қорытынды қашан шығады?
Менде осы жобаға қатысып едим корытынды шыкты ма екен
калай жиберсе болады?
Кешіріңіздер,қорытынды қашан шығады екен және де қорытынды жөніндегі мәліметтерді қайдан алсақ болады?
Мен осы жобаға катыстым жауабы кашан шығады екен
Бұл конкурс нешесіне дейін ?
Бұл сайыстың уже қорытындысы шығып та қойды!