Елбасының «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде
1 ақпанда Қостанай облысы Қамысты ауданының Краснооктябрьск орта мектебінде «Біз сенің балаларыңбыз Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» атты «Жас Ұлан» РББЖҰ» мектептік өзін - өзі басқару көшбасшыларының III аудандық форумы өтті.
Шара Республикалық «Жас Ұлан» ұйымының белсенділерінің арасында жастар жылын ашуға арналды.Форумның салтанатты ашылуы мектептің акт залында өтті.
Қамысты ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің әдіскері – К. К. Арстымбаева, оқушылардың шығармашылық үйінің директоры-Ш. К. Дусаева, Қостанай облысы бойынша «Жаңғыру жолы» ҚХА жастар қозғалысының төрағасы - Р. Ж. Мырзағалиев, Лисаков қаласының «Жас Ұлан» ЖҚБ басшысы – Ю. А. Преснов мектеп көшбасшыларына арнап құттықтау сөз сөйледі.
Форумға қатысушылар үшін «Жас Ұлан» ұйымының үздік көшбасшылары мен басшыларын марапаттау күтпеген жағдай болды. Мектеп ұйымдарының көшбасшылары мен тәлімгерлері республикалық, облыстық және аудандық деңгейдегі грамоталармен марапатталды.
Пікірлер