Жаңалықтар

Елін сүйер, еңбекқор азамат бол, Жас Ұлан!

01.06.2020, 0:00 | Пікір: 0

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына Нұр-Сұлтан қаласының 2000 оқушысы қабылданды.

Елімізде енгізілген карантин жағдайының сақталуына байланысты салтанатты рәсім онлайн түрде өтті. Рәсімге мектеп директорлары, аға тәлімгерлер, мектептегі «Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы, арнайы қонақтар, оқушылардың ата-аналары қатысты.

Жасұландықтар ант қабылдап, «Жас Ұлан» ұйымының әнұраның бірге шырқады.

Барлық оқушыларға ұйымға қабылданғанын растайтын сертификаттар беріледі.
Ұйымға жаңадан қабылданған жасұландықтарды құттықтаймыз!

Елін сүйер, еңбекқор азамат бол, Жас Ұлан!


Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.