Елордада "Менің тату отбасым" республикалық байқауы өтті
2019 жылы 5 қазан күні отбасы құндылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Менің тату отбасым» әуесқой бейнефильмдер мен фотосуреттер байқауының марапаттау кеші өткен болатын.
Аталған іс-шараның мақсаты - отбасы құндылықтарының рөлін бекіту менен қолдау, отбасылық қарым-қатынастың дәстүрі менен мәдениетін сақтау, отбасын жақындастыру және нығайту.Байқауға Қазақстан Республикасының барлық аймағынан 200-ге жуық отбасының жұмыстары қабылданды.
Байқау жеңімпаздары екі аталым бойынша марапатталды:1. «Үздік бейнеролик» номинациясы2. «Үздік фотосурет» номинациясыЖүлде қоры 600 000 теңгені құрады.Қонақ ретінде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Кеш қонақтары ретінде Айтпаев Қанат, Есенәлі Айгерім және Мұқанова Мөлдір келді.Ұйымдастырушылар: «Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңгай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» ҚБ «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министірлігінің қолдауымен.
Пікірлер