Елордада True or False медиасауаттылық бойынша чемпионат өтті
Олар фактчекинг, фейкньюс, насихаттау, ақпараттық гигиена және т. б. тақырыптар бойынша алған білімдерімен сайысқа түсті.
«Чемпионатқа тренингтерге белсене қатысқан және тестілеуден сәтті өткен 50 қатысушы таңдалып алынды. Біз оларды 8 командаға бөлдік. Қатысушылар сыни ойлау мектеп кезінде алған білімдерімен сайысқа түсті»,-«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы Динара Садвакасова.
Чемпионаттың жүлде қоры 300 000 теңгені құрады.
Іс-шара аясында Айкерім Есенәлі, Махаббат Есен, Мұхаммедали Болатұлы, Тлеукенов Арман сияқты танымал журналистер және блогерлер мен мамандар TED форматында кездесу өткізді.
Жобаны Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасының @qogamdyk_damy_astana, «Еуразиялық Мониторинг» аналитикалық зерттеу орталығының қолдауымен «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ өткізді.
Пікірлер