Жаңалықтар

"JAS QALAM" жас журналистерге арналған республикалық-онлайн жобасы

19.10.2020, 10:21 | Пікір: 0

Біз сіздерді "JAS QALAM" жас журналистерге арналған республикалық-онлайн жобаның қатысушысы болуға шақырамыз!

Басталуы: 26 қазан

Жоба Елбасы Қорының қолдауымен өтпек. @jas.qalam

Аталмыш жоба жас, әмбебап, жаңашыл журналистердің жаңа алаңын құру мақсатында жүзеге асуда.

Биыл үшінші рет өткізілетін "JAS QALAM" жобасы мыңдаған жас журналистердің, блогерлердің, студенттер мен оқушылардың, шығармашыл жастардың басын біріктіруде. Сондағы мақсат - жаңа онлайн медианың бөлшегі болу!

Осы жылы қатысушылар бір ай төмендегі 4 бағыт бойынша екі тілде білім алады:
- Блоггинг және әлеуметтік медиа
- Жеке брендинг және PR
- Тележурналистика
- Баспа және интернет журналистика

Осы мүмкіндікті жіберіп алмау үшін осы сілтемеге өтіп 22 қазанға дейін өтініш білдір!

Білім ТЕГІН, орындар ШЕКТЕУЛІ! @jas.qalam


Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.