Жаңалықтар

«Қасиетті домбыра» Республикалық байқауының ережесі

19.06.2019, 17:00 | Пікір: 0

1. Жалпы ережелер

 

1.1. Осы ереже «Қасиетті домбыра» Республикалық байқауын өткізу тәртібін айқындайды.

1.2. Жоба мен «Жас Ұлан» бірыңгай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ бірлесіп іске асырылуда.

1.3. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

- Байқауға қатысушы – жеке тұлға, 12 жастан 16 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматы (мектеп оқушысы);

- Байқау комиссиясы - жас талантты домбырашылар пулына үміткерлерді кешенді іріктеуді жүзеге асыратын комиссия. «Nur Otan» партиясы, «Jas Otan» Жастар қанаты, «Жас Ұлан» ББЖҰ өкілдерінен, Мәдениет саласының тұлғаларымен белгілі өнерпаздардан құралады;

– Жобаны үйлестірушісі – байқауды іске асыруға жалпы басшылықты, орталық деңгейде ведомствоаралық үйлестіруді (жобаның серіктестері мен қатысушылары арасында), жобаны іске асыруды жоспарлауды, талдама және бақылауды жүзеге асыратын өкіл;

- Резервист-қатысушы - жобаның барлық кезеңдерінен өткен және жоба аяқталғаннан кейін жас домбырашылар пулына қабылданған қатысушы.

1.4. Осы Ереже жобаға қатысуға үміткер барлық мүдделі тұлғаларға танысу үшін беріледі.

1.5. Ереже енгізілген сәттен бастап әрекет етеді және кері күші жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

 

2. Байқаудың өзектілігі, мақсаты мен міндеті

 

2.1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында, «жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – cол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай. <…> Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. <…> Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс», - деген болатын.

Осыған орай, өскелең ұрпақтың жаһандық бәсекеге қабілетті тұлға ретінде ғана емес, өз тарихын, өткені мен бүгінін ұлықтайтын азамат ретінде тәрбиелеу басты парыз.

2.2. Байқаудың мақсаты:

- музыкалық өнер саласында дарынды оқушыларды анықтау, музыкалық шеберлікті арттыру және жас музыканттардың шығармашылық әлеуетін дамыту;

- балалар мен жасөспірімдерді эстетикалық тәрбиелеу үшін жағдай жасау;

- елдегі ұлттық мәдениеттің дамуын өзектендіру, отандық мәдениеттің үздік үлгілерін насихаттау.

2.2. Байқаудың міндеттері:

- белсенді жас домбырашылар арасында тәжірибе алмасу, іріктеу және анықтау;

- жас домбырашылардың кәсіби өсуі үшін жаңа білім алуға және музыка саласында өзін-өзі жетілдіруге қажетті жағдай жасау;

- жас домбырашылар пулын қалыптастыру.

 

3. Жобаны өткізу кезеңдері

 

3.1. Байқау үш аталым бойынша өткізіледі:

1.  «Үздік күйші» - аталымында атақты күйшілердің үздік бір төкпе немесе шертпе күйін орындау.  

2.  «Үздік термеші» - аталымында 5 минуттан аспайтын термені домбыраның сүйемелдеуімен, мақам ырғағына салып жырлау.  

3.  «Үздік дәстүрлі әнші» - аталымында дәстүрлі әндердің бірін алып, домбыраның сүйемелдеуімен ырғаққа салып орындау.  

3.2. Қойылатын талап:

         Әр қатысушы мәтінінің ой тереңдігіне, мәні мен маңызына, орындалу шеберлігіне, орындауда дауыс ырғағына, тіл тазалығына, сахна мәдениетіне, өздеріне жарасымды ұлттық киімде болуы және өздерінің домбырасы болуы қажет.

3.3. Байқау екі кезеңнен тұрады:

I кезең: Өңірлік кезең - Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, 14 облыс пен қалаларда өткізіледі. Аймақтық байқаудың комиссия отырысының хаттамасын [email protected] электрондық поштаға 2019 жылғы 24 маусымнан кешіктірмей жіберу керек.

II кезең: Ақтық кезең. Нұр-Сұлтан қаласында өткізіледі. Өткізу күндері - 1-2 шілде 2019 жыл.

3.4. Байқау қатысушысының келесі кезеңге өтуі туралы шешуші дауыс беру құқығы өңірлік байқау комиссиясының Төрағасында қалады. Байқау комиссиясының шешімі соңғы және қайта қаралмайды.

3.5. Әрбір қатысушыға қатысушының жеке және кәсіби мәліметтерін көрсететін – веб-портфолио жеке анықтамасы жасалады.

Іріктеу жеңімпаздарын анықтау кезінде байқау комиссиясы үміткердің келесі қасиеттеріне назар бөлуі мүмкін:

а) өнер саласындағы жетістіктері;

б) қатысушылардың байқау барысында анықталған өзге де ерекше қасиеттері.

3.6. Әр өңірден 3 қатысушыдан (1 аталымда 1 қатысушы) - жалпы 51 қатысушы іріктелетін болады.

3.7. Республикалық байқау келесідей дүниені қамтиды:

- жетекші музыканттардың, қоғам қайраткерлерінің, мәдениет өкілдерінің қатысуымен дәріс-әңгімелер, пікірталастар.

 

4. Марапаттау

 

         4.1. Байқау жеңімпаздары әр аталымда дипломдармен, мадақтамалармен және естелік сыйлықтармен марапатталады. Барлық қатысушыларға қатысқандығын растайтын сертификаттар беріледі.

4.2. Жүлде қоры үш түрлі аталымда (ҚҚС есебінсіз) байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында бөлінеді:

1).     «Үздік күйші» - жеңімпаз дипломмен, статуэткамен және 100 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталады. Берілген аталым бойынша 1 орынға диплом, мүсінше және 50000 тг көлемінде ақшалай сыйақымен, 2 орынға диплом, мүсінше және 40000 тг көлемінде ақшалай сыйақымен, 3 орынға диплом, мүсінше және 30000 тг көлемінде ақшалай сыйақымен марапатталады.

2).     «Үздік термеші» - жеңімпаз дипломмен, статуэткамен және 100 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталады. Берілген аталым бойынша 1 орынға диплом, мүсінше және 50000 тг көлемінде ақшалай сыйақымен, 2 орынға диплом, мүсінше және 40000 тг көлемінде ақшалай сыйақымен, 3 орынға диплом, мүсінше және 30000 тг көлемінде ақшалай сыйақымен марапатталады.

3).     «Үздік дәстүрлі әнші» - жеңімпаз дипломмен, статуэткамен және 100 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталады. Берілген аталым бойынша 1 орынға диплом, мүсінше және 50000 тг көлемінде ақшалай сыйақымен, 2 орынға диплом, мүсінше және 40000 тг көлемінде ақшалай сыйақымен, 3 орынға диплом, мүсінше және 30000 тг көлемінде ақшалай сыйақымен марапатталады.

 

5. Байқауға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

 

        5.1. Жобаға қатысуға үміткерлер, "Қасиетті домбыра" республикалық байқауына қатысушылар менен үміткерлер:

        - жобаны өткізу шарттары мен тәртібі туралы ақпарат алуға;

        - Осы ережені түсіну-талдау үшін өңірлік өкілдіктерге баруға (байланыс тізімі осы Ереженің 7.4 бөлімінде көрсетілген) құқылы.

5.2. Жобаның байқауға қатысушылары менен үміткерлері:

- жоба ережесімен танысу, жобаға қатысуға қойылатын талаптарды зерделеуге;

- осы Ережеде көзделген ережелер мен рәсімдерді сақтауға міндетті.

5.3. Байқауға қатысушылар осы Ережеде белгіленген шарттар, ережелер, рәсімдер бұзылған және сақталмаған жағдайда, сондай-ақ жоба басшылығының қарауымен жобаға қатысудан кез-келген кезеңде шеттетілуі мүмкін.

Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.