Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір бағыт, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауына ҮНДЕУ
2014 жыл 17 қаңтар күні мемлекет тұрғындары үшін тарихи оқиға болды. Бүкіл халық назарына Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір бағыт, бір болашақ» атты жолдауы ұсынылды.
Біздің қозғалысымыз тікелей Елбасының қолдауымен, болашақ елжанды азаматтарды елін сүйер, салт-дәстүрге берік, өз-өзін жетілдіруге ұмтылғыш, толеранттылық пен бейбітсүйгіш азамат ретінде тәрбиелеу мақсатында құрылғандықтан, Біз, «Жас Ұлан» Бірыңғай балалармен жасөспірімдер ұйымының мүшелері, Елбасы жолдауын мұқият тыңдаған болатынбыз.
Жолдау мазмұны біздің алдымызға онжылдықта атқарар қызметпен нақты мақсат – бағыт қойып, болашақ жұмысымызды жетілдіру жолын айқындап берді. «ХХІ ғасырдағы Қазақстан – екі онжылдықта талантты, еңбексүйгіш, толерантты елдің арқасында құрылған мемлекет! Бұл баршамыздың мақтан тұтар ұлы ісіміз! Бұл біздің шексіз сүйетін ең ғажап туындымыз!» - деген сөздер, болашақта атқарар істермен атқарылған ұлы істердің дәлелі. Болашақ даму үшін келесі нақты бағыттар айқындалды: инновациялық индустрияландыру трендін нығайту, дәстүрлі қазба секторы тиімділігін жоғарлату, мобильді және мультимедиялық, нано және ғарыштық технологиялар, роботехникалардың, генді инженерияны зерттеу және болашақ энергияны ашу негізін қалау.
Бізге, Елбасының жастарға бағытталған: «Бұл Стратегия – сіздерге арналған. Сіздер осыны жүзеге асырып, нәтижелі жемісін жейтін боласыздар» - деген сөздері, ерекше қуат сыйлайды. Біз, «Жас Ұлан» Бірыңғай балалармен жасөспірімдер ұйымының мүшелері, өз кезегімізде, болашақта ел алдына қойылған ұлы істердің шешімі жолында бар жауапкершілікпен қарап, бізге артылған болашаққа деген үмітті абыроймен ақтаймыз. Ең маңызды шара, біздердің тарихи оқиға – ұлттық идеяны жариялау барысының куәгері болғанымыз. «Мәңгілік Ел» - бұл біздің қазақстандық үйіміздің ұлттық идеясы, бабаларымыздың арманы» - бұдан былай осы тіркес біздің болашақ дамуымыз бен жетілуіміздің негізі болмақ.
Пікірлер