«Қазақстандағы заманауи азаматтық қоғамның даму жағдайы мен перспективалары» атты Ұлттық баяндама
2017 жылғы 28 қарашада «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент мектебінде өткен дөңгелек үстелде, сарапшылардың сауалнамасы негіз болған «Қазақстандағы заманауи азаматтық қоғамның даму жағдайы мен перспективалары» атты Ұлттық баяндама ұсынылды.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, білім беру және мәдениет мекемелерінің, бизнес-қоғамдастық және ҮЕҰ өкілдері қатысты. «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ атынан жобалар бойынша жетекші маман Андамас Абай Нұрланбекұлы қатысып, пікірімен бөлісіп қайтты.
Сараптамалық сауалнамаға 100-ден астам үкіметтік емес ұйымдардан 1501 адам қатысты. Нәтижелердің көрсеткіші бойынша, кейбір респонденттер, адамдар өз пікірлерін ашық айтып, басқа адамдармен сөйлесуден қорқатын болса, мемлекет азаматтық қоғамды қатаң реттеуден бас тартпаса, Қазақстандағы азаматтық қоғамның дамуының жағымды перспективалары қалыптаспайды деп санайды.
Дегенмен, сарапшылардың тағы бір бөлігі азаматтық қоғамның дамуындағы белгілі бір жағымды үрдістер мен перспективаларды байқады. Атап айтқанда, олардың пікірінше, азаматтық секторға жастардың көптеп келуі, қоршаған ортаны қорғау, жануарларды қорғау, еріктілер және т.б. қозғалыстардың белсенді дамуы.
Ең қызығы, азаматтық қоғам институттарына деген сенімділік туралы сауалнаманың нәтижелері болып шықты. Аталған сауалнаманың нәтижесі бойынша, респонденттердің 34% -ы саяси партияларға, 15,3% -ы үкіметтік емес ұйымдарға, ал 13,1% -ы өзін-өзі басқару органдарына сенім артады екен.
Жалпы, Қазақстанда азаматтық қоғамды дамыту үшін көп жұмыс қажет етіледі. Әсіресе, жастар ұйымдарының үлесі маңызды.
Пікірлер