Халықаралық байқау ережесі және өтінім формасы
«Гавалдаш» ұрмалы және перкуссиялық аспаптарда ойнау бойынша балалар мен жастар арасындағы Халықаралық онлайн фестиваль-конкурс ⠀
Әзірбайжан Республикасы Білім Министрлігі жанындағы балалар мен жастарды дамыту республикалық опрталығы III Республикалық және I Халықаралық фестиваль-конкурс өткізеді.
Байқау 2020 жылдың 20 сәуір мен 30 сәуір аралығында онлайн өтеді.
Байқауға келесі жас топтары қатыса алады:
• 7-11 жас;
• 12-16 жас;
• 17-21 жыл;
• қосылған онлайн ұжымдар үшін аралас жас санаты.
Фестиваль-конкурсқа қатысушылар кез-келген ұлттық және заманауи ұрмалы және перкуссиялық аспаптарда (нагара, гошанагара, барабандар, литаврлар, бубналар, бонго, жембе, кахон, дарбука, конга, дхолак, ксилофон және т.б.) жеке немесе ұжымдық (егер бір отбасында 2 немесе одан да көп адам ұрмалы аспаптарда ойнаса) ойнай алады.
Фестиваль-конкурстың кезеңдері:
- Байқауға қатысу үшін видео түсіріп (3 минуттан артық емес) және өтінімді (1-қосымша) толтырып мына мекен-жайға [email protected] жіберу керек (25 сәуірге дейін);
- Екінші кезеңде жіберілген бейнелер балалар мен жастарды дамыту республикалық орталығының Facebook бетінде орналастырылады (10-19 сәуір);
- Үшінші кезеңде бейне кәсіби қазылар алқасы тарапынан бағаланады, одан кейін, әлеуметтік желідегі (Facebook беті) қоғамдық пікір мен дауыс санын ескере отырып, жеңімпаздар ақтық кезеңге өтеді (20 сәуір));
- Соңғы төртінші кезеңде жеңімпаздар жарияланады, ал олардың бейнероликтері әлеуметтік желілерде орналастырылады (30 сәуір) •
Әуесқой және кәсіби деңгейдегі қатысушыларды Әзірбайжан, Ұлыбритания, Швеция, Франция, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Украина, Грузия және Белоруссиядан келген ұрмалы аспаптарда орындаушылар кіретін қазылар алқасы бағалайды. (Қазылар алқасының тізімі қазіргі уақытта талқыланады).
Жеңімпаздар (I, II, III орын және «Гран-при» («Халықаралық конкурстың лауреаты») әр жас ерекшелік номинациялары кубоктармен және дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталады.
⠀
Барлықтарыңызды қатысуға шақырамыз және Бірге біз күштіміз, ырғақтан шықпай, үйде болыңыз!
#stayhomegavaldash
#stayhomestaytogether
#stayhomedontloserhythm
#evdəqalritmdənqalma
#evdəqalqavaldaş
#evdəqalbirgəol
Қосымша 1 Өтінім фомасын сілтеме арқылы аласыз https://drive.google.com/open?id=1vl9wopahKPrHmD94U1FQw4x3S9efDBtq
Пікірлер