Көшбасшылардың аудандық ІІ слеті
28 қыркүйек күні Алматы қаласының Алмалы ауданында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер өтті.
Алмалы – Алматы қаласындағы «Жас Ұлан» ББЖҰ өміріне белсенді араласатын аудандардың бірі. Слет барысында ауданның барлық мектептерінің Ұланбасылары, көшбасшылары, тәрбие ісінің меңгерушілері қатысып, бір жылдық жұмыстарын көрсетіп, есеп берді. Аудандағы жасұландықтар жұмысты талқылап, жеткен жетістіктерлерін көрсетіп, өздерінің осы ұйымның галстугы мен төсбелгілерін үлкен жаупкершілікпен тағып жүретіндерін дәлелдеді.
Слетке қонақ ретінде Алматы қаласының құрметті тұрғындары, еңбек майданының ардагерлері Жансүгіров Саят Ильясұлы, Сатыбалдина Хадиша Жақсылыққызы, сонымен қатар Ауған соғысының құрметті ардагерлері қатысты. Слетті Алматы қаласындағы «Жас Ұлан» ББЖҰ атқарушы хатшысы Қайырхан Серікұлы ашты. Шараға салтанатты түрде Мемлекеттік Ту, «Жас Ұлан» ББЖҰ Туы енгізіліп, жиналған қауым Мемлекеттік Әнұран айтуға сап түзеді.
Слет барысында 15 оқушы жаңадан «Жас Ұлан» ұйымына қабылданды. Оларды слеттің құрметті қонақтары құтықтап, аспан түстес галсутктарды байлады. Қазақ халқының біртуар ұлдарының бірі Ілияс Жансүгіровтың ұлы Саят аға балаларды ерекше құттықтап, өзінің балалық шағында болған оқиғаларымен бөлісіп, қазіргі балалар шынымен де бақытты екенін айтып өтті. «Жас Ұлан» ұйымының көшбасшыларына бата беріп, ұйымның болашағы зор болатынына сенімді екенін айтып өтті. Слет мерекелік концерттік бағдарламамен аяқталды. Іске сәт, көшбасшылар!
Пікірлер