Жаңалықтар

Құқықтық сауаттылық

04.06.2013, 11:37 | Пікір: 1

Қазақстанның өсіп-өркен­деуінің кілті жастарда. Ел да­муы­ның жаңа кезеңі мен тә­уел­сіздігіміздің үшінші он жыл­­дығында білімді, тәрбиелі, өне­гелі жастарды қалыптастыру тәуелсіз мемлекетіміздің өркен жаюының негізі. Елімізде құқықтық бі­лімді, құқықтық сана мен тәр­биені одан әрі өмір талабына сай жетілдіру қажет. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев 1995 жылы маусым айында елімізде жаппай құқықтық білім беруді жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылданған болатын. Біздің Конституцияның І бабында ҚР өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды, оның ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқығы мен бостандықтары.

20130516_174821

 

  Құқықтық сауаттылық – қазіргі заман талабы. Бұл қағида ересектерге ғана емес балалар мен жасөспірімдерге де қатысты. Өскелең ұрпаққа олардың құқықтары мен жауапкершіліктерін түсіндіру маңызды. Болашақ Қазақстанның жастары жан-жақты сауатты болу керек. Осы мақсатта «Жас Ұлан» ББЖҰ» РҚБ және "LUNEV WATERS Companies group" заң компаниясы бірігіп, балалар мен жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара барысында 15 мамырда Астана қаласының мектеп оқушыларына Алматы аудандық прокуратурасына экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында балалар прокуратура қызметімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Прокуратура қызметкері балаларға қадағалаушы органның қызметі, органның құзіреті туралы айтып берді. Сонымен қатар оқушылар балалар лаңкестігі және құқық қорғау органдарына жалған қоңырау шалған үшін жауапкерішік туралы дәріс тыңдады. Мемлекеттік өрт сөндіру, полиция, жедел жәрдем және апаттан құтқару қызметі органдарына қоңырау шалып, оларға жалған ақпарат беру Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша жауапкершілікке тартылатындығы туралы әңгіме қозғалды.

16 мамырда астаналық оқушылар Астана қаласындағы Оқушылар сарайында өткен ролдік-ойын түріндегі сот ісіне қатысты. Сот ісіне оқушылар прокурор, тергеуші, куәгер, сот және т.б. ретінде қатысып көріп, олардың атқаратын қазметімен танысты. Осылайша оқушыларда өздерінің құқықтық сауаттылықтарын арттыруға деген қызығушылығы оянды деп үміттенеміз. Келешекте ұйым шеңберінде балалар мен жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған осындай басқа да іс-шаралар ұйымдастырылып тұратын болады.  

 

20130516_181209

20130516_181627

 

20130516_184154

Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
  • керемет дүние, бұл арқылы біз өскелең ұрпақ санасына құнды ақпар енгізе аламыз. Дегенмен, меніңше, алғашында оларға Бала құқығы туралы Конвенция жайлы ақпар беріп, оның негізгі критерийлерін бойларына сіңірген дұрыс сынды. Себебі онда кез-келген 18 жасқа толмаған азамат Конвенцияның қорғауында болады делінген. Ал бізге белгілі Қазақстан оған 1994 жылы қол қойып, сол заңды мойындаған болатын және соның негізінде Қазақстан республикасының балаларының құқығы қаралады.

    04.06.2013, 12:05
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.