Жаңалықтар

«МӘҢГІЛІК ЕЛ ҰЛАНДАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖҮЛДЕСІ

23.11.2013, 5:35 | Пікір: 2

Осыдан бірнеше күндер бұрын еліміздің барлық телеарналарынан ауа райын бақылаушылар бірнеше күн бойы сұлу Астанаға суық жауын-шашын жауып, боран болатындығын хабарлап жатқан болатын.  Алайда, болжаушылардың қаһарлы ескертпелеріне қарамастан, Қазақстанның барлық облыстағы   жас тұрғындары елордаға жиналды. Оның себебі – 2013 жылы 20-21 қараша күндері Астана қаласындағы «Тілеп Қобыз сарайы» ғимаратында «Жас Ұлан» ББЖҰ ұйымының ең белсенді, ең талантты мүшелері асыға күткен – «МӘҢГІЛІК ЕЛ ҰЛАНДАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖҮЛДЕСІ өтті. 


          Аталмыш шара балалардың әлеуметтік жобаларын қолдау, балалар ұйымдарын ынталандыру, спорт, мәдениет, білім салаларында жетістіктерге қол жеткізіп жүрген Қазақстан Республикасының жас азаматтарына жігер сыйлау мақсатында ҚР білім және ғылым министрлігі Жастар ісі жөніндегі комитетінің қолдауымен өткізілді. Хощ делік, сонымен жүлделер кімге бұйырды? 

      Негізі жүлде «Жас Ұлан» ұйымы қызметінің 7 негізгі бағытына сай 7 номинация бойынша тағайындалды. Сонымен, 

«Зерде» - «Жас зерттеуші» номинациясы бойынша Нұржанова Райхан, Атырау облысы;

«Руханият» - «Жас дарын» номинациясы бойынша Сайлауова Арайлым, Жамбыл облысы;

«Салауат» - «Жас толағай» номинациясы бойынша Медведева Диана, Солтүстік Қазақстан облысы; 

«Жеті жарғы» - «Бала би» номинациясы бойынша Рақым Аида, Алматы қаласы; 

«Отан» - «Жас патриот» номинациясы бойынша Шахан Роза, Астана қаласы; 

«Эко-әлем» - «Жас эколог» номинациясы бойынша Рауыл Олжас, Қостанай облысы;

 «Еңбек» - «Жас қанат» номинациясы бойынша Черненко Вадим, Павлодар облысы жүлдегер атанды. 

Осылайша балалардың жыл бойы еткен еңбегі бағаланып, бір марқайып қалды. Сондай-ақ, жүлде арнайы номинациялар бойынша да берілді:  

          "Үздік атқарушы хатшы» номинациясы рейтинг пен жылдық есептің қорытындысы бойынша көп балл жинаған аймақтағы атқарушы хатшыға беріледі. Олар –  Ақмырзаева  Гүлайым Ермекбайқызы (Қызылорда  облысы), Қанатова Мартагүл Төлеуқызы (Атырау  облысы), Петрович Оксана Владиславовна (Павлодар облысы), Касымова Маржан Жумабековна (Жамбыл облысы) және Абдрахманова Майра Толебековна (Қарағанды облысы). 

         «Балалар үшін»  номинациясы «Жас Ұлан» ұйымының қызметі мен іс-шараларын қолдап, балалар қозғалысының дамуына айтарлықтай үлес қосқан  Ләйла Сұлтанқызы («Балапан» телеарнасының редакторы, тележүргізуші), Дмитриенко Елена Александровна (Руководитель «Союза детских общественных организаций «Жулдыз») секілді серіктестерге ұсынылды. 

         «Үздік тәлімгер»  номинациясы балалар қозғалысын дамытуда белгілі бір жетістіктерге жеткен тәлімгерлерге, педагог-ұйымдастырушыларға арналған болатын. Бұл жүлдені Рахматулина Алма Баязитқызы иеленді.

         «Үздік Ұланбасы» номинациясы  «Жас Ұлан» ұйымының аймақтағы жұмысын үйлестіруші облыстағы  Ұланбасыға   тағайындалды. Ол – Сибат Махаббат еді.

Іс-шара  бағдарламасы арқаның төрінде  2 қызықты да қимас күнге (1 күн – байқау, 2 күн – салтанатты марапаттау) созылды. Ауа-райы да қатысушыларды ренжіте қойған жоқ. Салтанатты марапаттау рәсімі «Жас Ұлан» ұйымы мүшелерінің жер-жерден әкелген түрлі  жұмыстарын таныстыратын көрмеден басталып. ары қарай италян музыканты Son Pascal, еліміздегі танымал жастар тобы Ringo, сондай-ақ әнші, сазгер Марат Омаровтың қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.

2 күн бойы қызық пен достықтың кілтін ұстаған бақытты балақайлар Астанамен және ұйымдастырушылармен қимай қоштасты. Алайда, олардың жүзіндерінен осы  жетістіктерін өз туған жерлеріне тез жеткізу секілді бала көңіл де байқалады. Барлық жеімпаздарды тағы бір мәрте құттықтаймыз! Алар асу әлі де көп болсын!

Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
  • Керемет! Осындай сапалы іс-шаралардың саны күннен-күнге арта берсін! "Жас Ұлан" ұйымының ұжымына үлкен табыстар тілеймін.

    12.12.2013, 6:30
  • Айсулу Жеткерген

    қандай тамаша! Жарысқа қатысып отырғандардың бәрі дарынды әрі талантты оқушылар.Шынымды айтар болсам меніңде қуанышымда шек жоқ.Себебі осындай іс-шаралар ұйымдастыру барысында"Жас Ұлан" ұйымы көзсіз ерлігімен өрлей береді!!!

    06.01.2014, 9:54
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.