МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Бүгін «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы мен «Newsroom+» ақпараттық агенттігі арасында меморандумға қол қойылды.
Аталмыш екі жақтық серіктестіктің басты мақсаты мен міндеті БАҚ арқылы жастар саясатында, соның ішінде мектеп оқушылары арасында атқарылып жатқан жұмыстарды кеңінен насихаттау, ақпараттық қолдау білдіру.
Кездесу соңында ұйым басшысы мен ақпарат агенттігінің директоры болашақтағы жұмыстарына сәттілік тілей отырып қол алысты.
«Жас Ұлан» ББЖҰ»РҚБ
баспасөз қызметі
Пікірлер