«Менің тату отбасым» бейнероликтер мен фотосуреттер байқауы
Қазақстан Республикасының отбасылары арасындағы «Менің тату отбасым» бейнероликтер мен фотосуреттер байқауын өткізу туралы
ЕРЕЖЕ
1. Өзектілігі:
Отбасы – кез-келген қоғаммен кез-келген мемлекеттің негізі, бұл адамды өмір бойы бағыттайтын бірегей әлеуметтік топ, жақын адамдардың тек қандық туыстығы ғана емес, рухани бірлігі болып табылады. Отбасы бірлігі арқылы мемлекеттің тұрақтылығы қалыптасады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Отбасы - қазақстандық қоғамның діңгегі, еліміздің экономика, мәдениет, әлеуметтік саясаттағы жаңа жетістіктерінің негізі. Әр қазақстандық отбасының игілігі – «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаты болып табылады» деген болатын.
2. Мақсаты және міндеттері:
Аталған іс-шараның мақсаты отбасы құндылықтарының рөлін бекіту менен қолдау, отбасылық қарым-қатынастың дәстүрі менен мәдениетін сақтау, отбасын жақындастыру және нығайту.
3. Қатысушыларға қойылатын талаптар мен өту тәртібі:
Байқауға Қазақстан Республикасында тұратын барлық отбасылар қатыса алады. Бір қатысушы бірнеше өтініш жібере алады және әр өтініш жеке қарастырылады.
4. Байқау екі номинация бойынша өткізіледі:
1. Үздік бейнеролик "номинациясы»
2. Үздік фотосурет "номинациясы»
4.1 "Үздік бейнеролик" номинациясына қатысу үшін:
1) отбасы мүшелерінің жетістігін, отбасы дәстүрін, ерекшелігі менен құндылықтарын айқындайтын өз отбасы туралы бейнеролик әзірлеу. Бейнеролик ұзақтығы – 3 минуттан аспауы тиіс;
2) бейнероликті Instagram әлеуметтік желісінде жариялау;
3) @taty_otbasy, @jasulan_qz, @cisc_offial парақшаларына жазылып және белгілеп, #tatyotbasy #tatyotbasy #CISCGRANTS2019 #QOGAMGOVKZ #JASTARJYLI хэштегтерін көрсету;
4) байқауға қатысу үшін сілтемеде көрсетілген өтінім (Қосымша 2) толтыру (өтінімді толтыра отырып, қатысушы өзінің жеке деректері менен бейнеролигін Байқаудың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жариялауға келісім береді);
5) бейнероликті әлеуметтік желіде белсенді түрде жарнамалау қажет (қаралым саны, лүпілдер, пікірлер).
4.2 "Үздік фотосурет" номинациясына қатысу үшін:
1) Байқауға фотосуретті электронды түрде, jpg - форматта жіберу қажет, фотосуреттің өлшемі 1 Mb болуы керек. Фотосурет жинақ түрінде (коллаж) болмауы керек;
2) фотосуретті Instagram әлеуметтік желісінде 200 сөзден аспайтын түсініктемесімен жариялау;
3) @taty_otbasy, @jasulan_qz, @cisc_offial парақшаларына жазылып және белгілеп, #tatyotbasy #tatyotbasy #CISCGRANTS2019#QOGAMGOVKZ #JASTARJYLI хэштегтерін көрсету;
4) байқауға қатысу үшін https://forms.gle/Xnjt4TLAR5cUR4Gq
сілтемеде көрсетілген өтінім (Қосымша 2) толтыру (өтінімді толтыра отырып, қатысушы өзінің жеке деректері менен фотосуретін Байқаудың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жариялауға келісім береді);
5) фотосуретті әлеуметтік желіде белсенді түрде жарнамалау қажет (қаралым саны, лүпілдер, пікірлер).
5. Кезеңдер, Байқауды өткізу уақыты, жүлде қоры:
Бірінші кезең – байқауға қатысуға өтінім жинау.
Екінші кезең – іріктеу, Байқау комиссиясының жеңімпаздарды анықтауы. Өту аралығы: 2019 жылдың 10 қыркүйегіне дейін.
• Байқау комиссиясының отырысына 3б. көрсетілген талаптарға сай келетін роликтер мен фотосуреттер жіберіледі;
• байқау комиссиясының мүшелері мағыналық мәнін, техникалық орындалуын және пікірлер санына, фотосуреттің сапасына қарай (көрсетілім, лүпіл, пікірлер) бағалайды;
Жүлде қоры екі түрлі аталымда (ҚҚС есебінсіз) байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында бөлінеді:
1) «Үздік бейнеролик» - бұл номинацияда 1 орын үшін диплом, 150 000 теңге ақшалай сыйлық беріледі., 2 орын үшін диплом, 100 000 теңге ақшалай сыйлық беріледі., 3 орын үшін диплом, ақшалай сыйлық 50 000 тг.
2) «Үздік фотосурет» - бұл номинацияда 1 орын үшін диплом, 150 000 теңге ақшалай сыйлық беріледі. 2 орын үшін диплом, 100 000 теңге ақшалай сыйлық беріледі., 3 орын үшін диплом, ақшалай сыйлық 50 000 тг.
Өту аралығы: 2019 ж. 30 қыркүйектен кеш емес.
Байқау қорытындысы ұйымдастырушылардың ресми құралдарында (@jasulan_qz) және байқаудың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланады (@tatu.otbasy).
Жеңімпаз ұйымдастырушылар менен комиссия мүшелері қатысатын салтанатты марапаттау рәсіміне шақырылады.
6. Ұйымдастырушылар:
— «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Қызылорда облыстық қоғамдық бірлестігі (www.zhasulan.kz, tatu.otbasy @gmail.com) «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министірлігінің қолдауымен.
7. Қосымша ақпарат: Кез-келген сұрақтар бойынша шара ұйымдастырушысына хабарласуларыңызды сұраймыз:Серік Бағлан, тел. 8 705 597 47 09.
Қосымша 1
Қазақстан Республикасының жас отбасылары арасындағы «Менің тату отбасым» бейнероликтер мен фотосуреттер байқауына қатысу үшін
ӨТІНІМ
Отбасы мүшелерінің аты-жөні |
|
Бейнероликтің атауы |
|
Қысқаша сипаттамасы (200 сөзден көп емес) |
|
Бейнероликке сілтеме |
|
Байланыс құралдары |
|
Мекен-жайы менен телефоны (үй, ұялы байланыс) |
|
|
|
* Өтінімде көрсетілген жеке деректерді таратуға және әлеуметтік желілерде бейнероликті жариялауға келісім береміз
Толтыру күні __________________
Қазақстан Республикасының жас отбасылары арасындағы «Менің тату отбасым» бейнероликтер мен фотосуреттер байқауына қатысу үшін
ӨТІНІМ
Отбасы мүшелерінің аты-жөні |
|
Фотосуреттің атауы |
|
Қысқаша сипаттамасы (200 сөзден көп емес) |
|
Фотосурет |
|
Байланыс құралдары |
|
Мекен-жайы менен телефоны (үй, ұялы байланыс) |
|
|
|
* Өтінімде көрсетілген жеке деректерді таратуға және әлеуметтік желілерде фотосуретті жариялауға келісім береміз
Толтыру күні __________________
Пікірлер