"Музейдегі түн" акциясы
Сіздерге 31 қазан күні өткен "Музейдегі түн" акциясы жайында айтқымыз келіп отыр.
Пандемия жағдайында белгіленген уақытта өткізуге мүмкіндік болмағандықтан, біз тек 31 қазан күні ғана ұйымдастыруға рұқсат алдық.
Бірақ, одан "Музейдегі түн" акциясы жаманырақ болған жоқ. Тіпті, одан бетер қызықты өтті десек те болады.
Волонтерлер 4 командаға 5 адамнан бөлініп, викторина мен квест ойындарына қатысты. Квест 6 тапсырмадан тұрды және де арнайы қатысушылар үшін "Алмас қылыш" фильмінің көрсетілімі өтті.
Қатысушылар өздері үшін көп жаңа ақпарат алып, уақыттарын қызықты да пайдалы өткізді.
Бұл шараны ұйымдастыруға көмек көрсеткен Нұр-Сұлтан қаласының "Достық үйіне" ерекше алғыс айтамыз!
Және де осы акцияға тиянақты дайындалып, барлық санитарлық нормаларды сақтап, шараның қызықты өтуіне үлес қосқан волонтерлерге де алғысымыз шексіз!
Пікірлер