«Өмірде қиын жағдайға тап болған жастарды қолдаудағы жастар ұйымдарының рөлі» атты дөңгелек үстел өтті
2017 жылғы 20 ақпанда «Жас Ұлан» ББЖҰ» РҚБ төрайымы Д. Садвакасова Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Өмірде қиын жағдайға тап болған жастарды қолдаудағы жастар ұйымдарының рөлі» атты дөңгелек үстелге қатысты.
Аталған іс-шараның мақсаты - жастар арасында таратылатын жағымсыз құбылыстардың алдын-алу, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, өмірлік қиын жағдайға тап болған жастарды әлеуметтендіру болып табылады.
Осыған сәйкес, іс-шара жастардың мәдени және шығармашылық өмірге қатысуға шақыру және олардың дамуына кері әсер ететін әлеуметтік желілердегі ақпараттардан қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу, оқу мүмкіндіктерін (қайта оқыту) және өзге де жеңілдіктерді ұсыну, балалардың дем алу, бос уақытын тиімді өткізу және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге бағытталды.
Іс-шараға ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі, республикалық жастар ұйымдарының жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және жастар дағдарыс орталықтарының басшылары мен сарапшылар қатысты.
Отырыс нәтижесінде мемлекет пен жастар ұйымдары арасында әріптестікті нығайтуға бағытталған ұсынымдар беріліп, жастарды қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы кең ақпараттандыру мәселесі қозғалды.
Дереккөз: Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің сайты http://www.din.gov.kz/kaz/press-sluzhba/novosti/?cid=0&rid=2848
Пікірлер