Жаңалықтар

Онлайн түрде веб-семинар арқылы республика көлемінде «Өркендеу» жобасы жүзеге асырылуда.

02.06.2020, 0:00 | Пікір: 0

Онлайн түрде веб-семинар арқылы республика көлемінде «Өркендеу» жобасы жүзеге асырылуда.

25 мамыр күні "Өркендеу" жобасының веб-семинары өтті. Іс-шараға белгілі журналистер, мектеп директорлары, ЖОО профессорлары, оқушылар, ата-аналар, үкіметтік емес ұйым басшылары қатысты.

Семинарды «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ, «Білім беруді жаңғырту орталығы», «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты, «Алдаспан» батырлар қоры ұйымдастырды.

Семинар барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жас ұрпақтың бойында отбасы құндылықтарын қалыптастыру мен дамытуға бағытталған «Өркендеу» жобасының маңыздылығы, жобаның іске асырылу барысы, оның ішінде ұлттық тәрбие мектептері жұмыстарының нәтижелері таныстырылды.


Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.