Жаңалықтар

Отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналған «Менің отбасым - менің мақтанышым» бейнероликтер байқауы

11.07.2018, 10:31 | Пікір: 0

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі  «Астана қаласының қоғамдық даму ісі жөніндегі басқармасы» ММ тапсырысы бойынша, отбасы құндылықтарын арттыруға арналған «Отбасы – бақыт мекені» жобасы аясында, «Менің отбасым – менің мақтанышым» бейнероликтер байқауын жариялайды.

Аталған іс-шараның мақсаты отбасы құндылықтарының рөлін бекіту менен қолдау, отбасылық қарым-қатынастың дәстүрі менен мәдениетін сақтау, отбасын жақындастыру және нығайту болып табылады.

Байқауға Ережеге сәйкес өтінім мен жұмыстарды жіберген, Астана қаласында тұратын жас отбасылар (35 жасқа дейінгі) қатыса алады.

Байқауға қатысу үшін:

1) отбасы мүшелерінің жетістігін, отбасы дәстүрін, ерекшелігі менен құндылықтарын айқындайтын өз отбасысы туралы бейнеролик әзірлеу. Бейнеролик ұзақтығы – 3 минуттан аспауы тиіс;

2) бейнероликті Instagram әлеуметтік желісінде 2018 жылдың 15 қыркүйегіне дейін 200 сөзден аспайтын түсініктемесімен жариялау;

3)  @astana.otbasy парақшасын белгілеп, #otbasyAstana #otbasybakytmekeni екі хэштегін көрсету;

4) байқауға қатысу үшін сілтемеде көрсетілген өтінім (Қосымша 2) толтыру (өтінімді толтыра отырып, қатысушы өзінің жеке деректері менен бейнеролигін Байқаудың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жариялауға келісім береді);

5) бейнероликті әлеуметтік желіде белсенді түрде жарнамалау қажет (қаралым саны, лүпілдер, пікірлер).

 

Жеңімпаздарды анықтау:


Конкурстық комиссияның отырысына 2018 жылғы 15 қыркүйекке дейін жарияланған және конкурс талаптарына сәйкес келетін роликтер жіберіледі. Конкурстық комиссия мүшелері мағыналық маңыздылығын, орындау техникасын, пікірлердің санын (қараулар, лайктер, түсініктемелер) бағалайды. Жүлдені тек бір қатысушы жеңіп ала алады, бірнеше адам арасында тең бөлу қарастырылмайды.

Конкурстың қорытындысы ұйымдастырушылардың ресми ресурстарында және конкурстың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунтында жарияланады.

Жеңімпаз комиссия мүшелері мен ұйымдастырушылардың қатысуымен өтетін салтанатты марапаттауға шақырылып, 200 000 (екі жүз мың) теңге сомасына сертификатпен марапатталады.

Кез-келген сұрақтар бойынша шара ұйымдастырушысына хабарласуларыңызды сұраймыз: Аңдамас Абай, тел. 8 701 101 95 03.

Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.