Жаңалықтар

#PlasticFreeKazakhstan бағыты бойынша ЮНИСЕФ пен Ұлттық еріктілер желісінің жобасына еріктілерді алуға тіркеудің басталғанын қуанышпен хабарлаймыз

27.01.2021, 9:45 | Пікір: 0

Достар, біз #PlasticFreeKazakhstan бағыты бойынша ЮНИСЕФ пен Ұлттық еріктілер желісінің жобасына еріктілерді алуға тіркеудің басталғанын қуанышпен хабарлаймыз!

Осы бағдарлама аясында Қазақстанның белсенді жастары мамандандырылған тренингтен өтіп, еліміздің барлық аймақтарының мектеп оқушылары үшін онлайн сабақтар өткізеді. Жобаның басты мақсаты - пластиктің қолданылуын барынша азайту үшін ақпарат тарату және экологиялық әдеттерді насихаттау.

Егер сіз:
18 жастан асқан Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз,
біздің планетамыздың экологиясын сақтауға үлес қосқыңыз келсе және 1-4 сынып оқушыларымен өз біліміңізді бөліскіңіз келсе,
Онда тіркеу формасын толтырып, бізге қосылыңыз!

Сізді:
ұмытылмас тәжірибе,
Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген еріктілермен жаңа достық,
көптеген пайдалы ақпараттар мен құнды дағдылар күтуде!
Өтініштер 29 қаңтарға дейін қабылданады!

Конкурстан өткен жеңімпаздардың тізімі 2021 жылдың ақпан айының басында жарияланып онлайн оқуға шақырылады.

Сіз ешқашан балалармен жұмыс істеп көрмесеңіз де, презентация жасаудан тәжірибеңіз болмаса да, біз сізге осының бәрін үйретеміз!

Ерікті болып, әлемді ЮНИСЕФ-пен жақсартыңыз!


Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.