Республикалық экологиялық «ЭКОСЕЛФИ» байқауының өткізу ЕРЕЖЕСІ
1.1. Осы ереже Республикалық экологиялық «ЭКОСЕЛФИ» бауқауының өткізу тәртібін айқындайды.
1.2. Байқау «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі (www.zhasulan.kz, tatu.otbasy @gmail.com) «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министірлігінің қолдауымен ұйамдастырылуда.
1.3. Ұйымдастырушылар байқаудың басталуы мен тәртібі туралы хабарлайды, байқаудың барлық кезеңдерінде қазылар алқасының функцияларын орындайтын байқау комиссиясын қалыптастырады.
1.4. Ұйымдастырушылар жеңімпаздарды марапаттауды және байқаудыңың барысы мен қорытындыларын бұқаралық ақпарат құралдарында және Интернет желісінде жариялауды қамтамасыз етеді.
1.5. Конкурсқа Қазақстан Республикасының аумағында тұратын кез келген жастағы азамат (бұдан әрі-қатысушылар) қатыса алады.
1.6. Осы Ереже байқауға қатысуға үміткер барлық мүдделі тұлғаларға танысу үшін беріледі.
1.7. Ереже енгізілген сәттен бастап әрекет етеді және кері күші жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
2. Байқаудың өзектілігі, мақсаты мен міндеті
2.1. 2019 жылы 17 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев экология, геология және табиғи ресурстар министрлігін құру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл біздің еліміздің қоршаған ортаға саналы көзқараспен қарайтынын дәлелдейді.
Осыған байланысты өскелең ұрпақ жаһандану жағдайында бәсекеге қабілетті болу ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға саналы көзқарасының экологиялық мәдениетін қалыптастыру маңызды болып табылады.
2.2. Байқаудың басты мақсаты-республиканың тұрғындарын белсенді табиғат қорғау қызметіне тарту арқылы халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
2.3. Байқаудың міндеттері:
- қоршаған ортаны қорғау мәселелерінде халықтың әлеуметтік белсенділігін арттыру;
- табиғатты қорғау волонтерлік қызметке тұрғындарды тарту;
- тірі және жансыз табиғат объектілеріне ізгілікті қарым-қатынас көрсету идеясын қолдау;
- тұрғындарды өмір сүру жағдайларын жақсартуға тарту;
- шығармашылық қиялды, білімділікті, қоршаған ортаны тануға ұмтылысты дамыту.
3. Байқауды өткізу мерзімі мен орны
3.1. Байқау 2019 жылдың тамыз айынан бастап 2019 жылдың қазан айына дейін өткізіледі. Жеңімпаздар ай сайын анықталады.
3.2. Барлық байқау жұмыстары әр айдың 25-не дейін қабылданады. Жұмыстар қатысушылардың Instagram парақшаларына жүктеледі.
3.3. Айдың қорытындысы әр айдың 30-на дейін шығарылады. Үздік шығармашылық жұмыстар ұйымдастырушылардың әлеуметтік парақшаларында және сайтында жарияланады.
4. Байқауды өткізу шарттары мен тәртібі
4.1. Қатысушы фотосуреттің астына #ecoalemselfie #CISCGRANTS2019 #QOGAM.GOV.KZ #JASTARJYLI хэштегтерін және ұйымдастырушылардың парақшаларын @eco_alem @cisc_official @jasulan_qz ,@batima_mukina белгілеу керек.
4.2. Қатысушы @eco_alem @jasulan_qz парақшаларына жазылуы тиіс.
4.3. Байқаудың афишасын сториске репост жасауы тиіс.
4.4. Қатысушының парақшасы конкурс барысында ашық болуы тиіс.
4.5. Фотожұмыстың форматы-селфи.
Селфи-автопортреттің бір түрі, кейде монопод көмегімен өз өзін фотокамераға түсіру болып табылады. Көбінесе аппаратты ұстап тұрған қолдың созылу қашықтығынан орындалады.
4.6. Фотожұмыстар қатысушы өзі қатысқан қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметті көрсетуі тиіс (бір селфи жұмыс басталғанға дейін, екіншісі – кейін). Мысалы: қоқыстарды жинау (бірінші селфи аумақтың бастапқы жағдайы, екіншісінде – қатысушының жасаған әрекеті көрсетілген); мектеп ауласын, балалар алаңын, кентті, ерекше қорғалатын табиғи аумақты абаттандыру, ағаштар отырғызу және т. б.
4.7. Бағалау критерийлері:
- лайк саны;
- композиция;
- орындалу сапасы;
- бірегейлігі;
- жалпы әсер;
- экологиялық маңыздылығы.
4.8. Қазылар алқасында тақырыпқа және этикалық нормаларға сәйкес келмейтін жұмыстарды байқауға жібермеу құқығы бар.
5. Байқау қатысушыларын марапаттау
5.1. Байқаудың қорытындысын шығаруды қазылар алқасы конкурс шарттарына сәйкес жүзеге асырады.
5.2. Лайк саны және жоғарыда аталған критерилер бойынша ай сайын жеңімпаз анықталады.
5.3. Ұйымдастырушылар қосымша номинациялар қосуға және ерекше көзге түскен қатысушыларды марапаттауға құқылы.
5.4. Байқау жеңімпаздары 100 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.
6. Қорытынды ережелер
6.1. Ұйымдастырушылар фотожұмыстарды коммерциялық емес мақсатта пайдалануға құқылы.
6.2. Осы Ережеге сәйкес фотожұмыстарды жүктеу қатысушылардың байғаудың шарттарымен толықтай келіскендігін білдіреді.
6.3. Анықтама телефоны: 8 702 247 34 98 - Тұрдалиева Ақнұр.
Пікірлер