Республикалық «Жаңа леп» балалар мен жасөспірімдерге арналған әндер байқауы
Ұйымдастырушылар: ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен «Жас Ұлан» бірыңғай балалармен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі.
Тақырыбы: Балаларға арналған: ата-ана, достық, ойын,отан, тіл, т.б. тақырыбында.
Сонымен қатар арнайы номинация: «Жас Ұландар» гимні. «Жас Ұлан» ББЖҰ» РҚБ-ның бағытын, мақсатын түсіндіретін, жастарға жігер беретін, заманауи ырғақтағы ән болуы тиіс.
Байқауға қатысушылар өтінішпен бірге шығармаларының CD- дискке жазылған фонограммасын немесе нотаға түсірілген күйінде, әннің сөзінің қағазға түсірілген үлгісін (электронды және қағазға шығарылған) өткізулері керек. Әннің сөзіне аса көңіл бөлінеді.
Әділқазылар алқасының құрамына композиторлар, әншілер, ақындар, өңдеушілер кіреді. Әділқазылардың мүшелері байқауға шығармаларын қатыстыра алмайды.Қатысушылардың жас шамасы шектелмейді.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау:
1. Бас жүлде және лауреат атағы – 1; Samsung GALAXY S4
2. бірінші орын және лауреат атағы – 1; iPad
3. екінші орын және лауреат атағы – 1; Электрондық кітап
4. үшінші орын және лауреат атағы – 1; планшет
5. ынталандыру сыйлығы және дипломант атағы – 3; ынталандыру сыйлықтары
Өтініштер қыркүйектің 15-не дейін қабылданады.
Біздің мекен жайымыз:
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ, Сығанақ к-сі 18, «Уют» тұрғын үйі .
Жұмыс тел/факс: 8(7172) 79-93-38; 79-93-51; 79-93-55;
Электрондық пошта: Zһ[email protected]
Байқау туралы ақпаратты www.zһasulan.kz сайтынан ала аласыздар!
Пікірлер
Dostar!
Sizderdi kutemiz! Korytyndy shygaruga az gana uakyt kaldy