Жаңалықтар

«Соттарда азаматтық істерді қарау барысындағы балалармен жұмыс істеу ерекшеліктері» тақырыбындағы дөңгелек үстел

05.09.2019, 18:00 | Пікір: 0

 Түркістан облыстық «Жас Ұлан» ББЖ ұйымы, балалар мен жасөспірімдерді  әлеуметтік қорғау, шешімдер қабылдауға қатысудағы баланың құқығын жүзеге асыру және қоғамдағы балаларға қатысты өзекті мәселелерді  бірлесіп шешу  мақсатында   Түркістан гуманитарлық техникалық колледжінде  «Соттарда азаматтық істерді қарау барысындағы балалармен жұмыс істеу ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Аталған шараның  күн тәртібінде, қазіргі таңда Қазақстандағы сот процесі кезіндегі балалардың ойын құрметтеу және тыңдау,  жас мөлшерін алып тастау мәселелері   бойынша  сөз қозғайды. Әкімдік жанындағы балалардың ісі бойынша балалардың қатысуымен өтетін кеңес құру ,балалардың қоғамдық өмірге араласуы, үйдегі зорлық-зомбылық, балалардың мамандық таңдауына мүмкіндік берудің дұрыс және бұрыс тұстарына  тоқталады  .

Дөңгелек үстелге  Судья, психолог, адвокат, ауданаралық сот мамандары, жастар ұйымдарының белсенді мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.

Қатысушылар  диалог алаңында  осы  саладағы мәселелер  бойынша  баяндама жасап,  ұсыныстар  білдірді.

Аталған  шара  Ақпарат  және қоғамдық  даму  министрлігінің   Азаматтық  бастамаларды қолдау  орталығы КЕАҚ мемлекеттік  гранты  аясында  Қызылорда  облыстық  «Жас Ұлан» ұйымының  ұйымдастырумен  өткізілді.

Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.